Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (7) Мақал-мәтелдер (19) Ұлағатты сөздер (11)

Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек.

Ілмектер: ақыл, сену, жоқ, Шын Абай Құнанбайұлы

Сын - шын болсын, шын сын болсын.

Ілмектер: сын, шын Мұхтар Әуезов

Шын жолында сөйлесең — басыңа келер пәлесі.

Ілмектер: пәле, шын, шындық, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Ілмектер: шын, адам, нақыл Төле би Әлібекұлы

Шын сүйгeн қасірeтті көңіл қашан да асқақ.

Ілмектер: асқақ, қасірет, шын, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Виктор Гюго

Бұрын шын бар бүгін шын,
Ертең шын бар үш бөлек.
Керегі жоқ бұлардың,
Бұзылмайтын шын керек.

Ілмектер: шын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, бұзылмау Шәкәрім Құдайбердіұлы

Сіз эфемерлі (баянсыз, құбылмалы, тұрақсыз, уақытша), позитивті ойлауды насихаттайтын кітаптардан гөрі байсалды, байыпты, шынайы және нақты дәлелденген, нәтижелі кітаптарды,
пайдалы ғылымды іздеңіз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Позитивті ойлау, нақты, дәлелдеу, нәтиже, кітап, Шын, ғылым Нарша Булгакбаев

Бала кезде сенім мен түсініктің, шын немесе жалған екендігі бізге маңызды болған емес, өйткені біз оған сендік, орта талабы сондай болды жəне олар өсе келе біздің шындыққа (өмірлік ұстанымға) айналды.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, бала, сенім, түсінік, Шын, жалған, шындық, өмірлік ұстаным Нарша Булгакбаев

Егер әлдекімнің шын сөйлегеніне күдіктенсең, онда өтірік болса да оған сенген қалып таныт. Ондайда ол одан сайын өзіне сеніп, жүректі түрде тіпті де зор өтірік айтып, өз бетпердесін (маска) өзі ашатын болады.

Ілмектер: шын, күдік, сенім, сену, жүрек, өтірік, маска, бетперде, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр

Бұл өмірде өтірік жоқ, бәрі шындық. Бұл өмірде тек Ақиқат пен Жалғандық бар.
Теріс шындық зиянды, оң шындықтан зиян жоқ. Шын мәнінде адамға тек Ақиқат қана пайда әкеледі, ал жалғандық алдайды.

Ілмектер: Өмір, өтірік, шындық, ақиқат, жалған, теріс, зиян, оң, шын, мән, адам, пайда, алдау Нарша Булгакбаев

Негізінен адамдардың бойында шын жанашырлық аз, жалған махаббат көп, сондықтан біз өзгенің құрбанымыз. Себебі барлығы бізді бір-ақ нәрсе үшін пайдаланғысы келеді — ақша.

Ілмектер: дүние, шын, жанашырлық, жалған, махаббат, пайдалану, ақша Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев