Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (80) Өлеңдер (27) Жоспарлар (18) Мақал-мәтелдер (19) Ұлағатты сөздер (28)

"ата-ана" туралы Ұлағатты сөздер

"ата-ана" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "ата-ана" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Ата–ананың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы.

Ілмектер: ата-ана, бала, мінез, тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Антон Макаренко
WhatsApp Telegram

Тек қана ата-аналармен бірге жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.

Ілмектер: ата-ана, мұғалім, оқушы, тәрбие Василий Сухомлинский
WhatsApp Telegram

Әкеде де - әке, балада да — бала бар.

Ілмектер: әке, ата-ана, бала Міржақып Дулатұлы
WhatsApp Telegram

Ата-анасын ардақтамаған ұл – нағыз қылмыскер. Ешбір ұлдың анасына бейжай қарауына құқы жоқ.

Ілмектер: ата-ана, ұл, ана, қылмыскер, ардақтау Ги де Мопассан
WhatsApp Telegram

Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді.

Ілмектер: ұл, қыз, ата-ана, қуаныш, отбасы, тәрбие Антон Макаренко
WhatsApp Telegram

Ата-ананың ақылы — қазулы қара жолмен тең.

Ілмектер: ата-ана, ақыл, жол Дулат Бабатайұлы
WhatsApp Telegram

Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі.

Ілмектер: ана тілі, ата-ана Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram