Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (27) Өлеңдер (10) Мақал-мәтелдер (85) Ұлағатты сөздер (29) Әзіл, анекдоттар (2)

"ауру" туралы Ұлағатты сөздер

"ауру" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "ауру" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Қызғаныш — құрт ауру. Ол мыс қазандай қайнайтын азап оты.

Ілмектер: қызғаныш, ауру, азап Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

Ауру-сырқаудан сау дене дұрыс рухтың жемісі болып табылады.

Ілмектер: ауру, дене, денсаулық, рух Бернард Шоу
WhatsApp Telegram

Сауыңда жүрмесең, ауырғанда әуре болуыңа тура келеді.

Ілмектер: денсаулық, ауру Гораций
WhatsApp Telegram

Айығар аурудың тәуібі өзі келеді.

Ілмектер: ауру, ем, қырғыз мақалы, денсаулық
WhatsApp Telegram

Төрт нәрседе үміт бар: жас - өсемін деп үмітті, жалғыз — көбейемін деп үмітті, жарлы - байимын деп үмітті, ауру — жазыламын деп үмітті. Көктемі мен жазы кетіп, жапырағы қуарған ағаштай ұрты солып, жағы суалған кәрілікте ғана үміт жоқ.

Ілмектер: үміт, жас, жалғыздық, жарлы, кедей, ауру, кәрілік, өмір Жиренше шешен
WhatsApp Telegram

Бұл өмірде мені айналып өткен аурулар өте көп. Сондықтан мен өзімнің осы өміріме де ризамын.

Ілмектер: өмір, ауру, ризашылық Ник Вуйчич
WhatsApp Telegram

Ауруын жасырған - ажалсыз өледі,
Қиянаттан қорыққан - амалсыз көнеді.

Ілмектер: ауру, ажал Қазыбек Келдібекұлы
WhatsApp Telegram

Қызғаныш – құрт ауруы, мыс қазанда қайнайтын азап оты.

Ілмектер: қызғаныш, құрт, ауру, азап, от Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram