Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (4) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (2) Ұлағатты сөздер (28)

Құмарлық — Ұлағатты сөздер жинағы - 2-бет

Бұл бөлімде "Құмарлық" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Екі күндік өмір ғой бұл мұнартқан,
Оны қуып несіне адам құмартқан?!

Ілмектер: өмір, адам, құмарлық Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Еркекті бұзатын екі құмарлық – арақ пен әйел.

Ілмектер: еркек, әйел, бұзу, құмарлық Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Ақшаға деген құмарлық — бар жауыздықтың тамыры (Кедей әке),
Бар жауыздықтың тамыры — ақшаның тапшылығы (Бай әке).

Ілмектер: ақша, құмарлық, жауыздық Роберт Кийосаки
WhatsApp Telegram

Махаббат жастар айтпақшы құмарлықпен емес, сенімділік пен баяндылықпен өлшенеді

Ілмектер: махаббат, құмарлық, сенімділік, жастар Цицерон
WhatsApp Telegram

Бизнес – үлкен құмарлықпен аз ғана ережеден тұратын, өте қызық ойын.

Ілмектер: бизнес, құмарлық, ереже, ойын Билл Гейтс
WhatsApp Telegram

Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын қоздырады. Ақылмен бөгеп, сабырмен тұсалмаған құмарлық таудан төңкерілген сең сияқты: жолындағының бәрін ұйпа-тұйпа етіп, жайпап жойып кетеді. Сондықтан әйелдің еркек құмарлығын қоздыратын ашық-шашық жерді көбейтпей жауып, жария етпей қымтап ұстауы абзал. Әсіресе етекті қара санға дейін көтермеу, кеудені жалаңаштамау жөн. Сонда еркек елеңдемейді, әйел алаңдамайды, адалдық бұзылмайды.

Ілмектер: әйел, адалдық, еркек, Құмарлық Әзілхан Нұршайықов
WhatsApp Telegram

Иір бұтақты емен шынар болуға құмар болмайды.

Ілмектер: емен, бұтақ, Құмарлық Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram