Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:
"Мұғалім" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "Мұғалім" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады
Ілмектер: Мұғалім, білім алу, білім, оқу, іздену, мұғалімдік Константин Ушинский
Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.
Ілмектер: мұғалім, жақсы, бала, оқыту Мұхтар Әуезов
Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз.
Ілмектер: ұстаз, Мұғалім, шәкірт, ұстаз туралы нақыл сөздер Лев Толстой
Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
Ілмектер: ұстаз, Мұғалім, үйрету, ұстаз туралы нақыл сөздер Әл – Фараби
Мұғалім - зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті.
Ілмектер: ұстаз, мұғалім, ұстаз туралы нақыл сөздер Константин Ушинский
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ілмектер: мектеп, мұғалім Ахмет Байтұрсынұлы
Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ.
Ілмектер: мектеп, мұғалім Ахмет Байтұрсынұлы
Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.
Ілмектер: Кінәлау, Бала, Мұғалім Ыбырай Алтынсарин
Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі.
Ілмектер: мұғалім, мектеп Ыбырай Алтынсарин
- Бернард Шоу
- Марк Твен
- Белгісіз
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі