Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес. Ілмектер: мұғалім, жақсы, бала, оқыту Мұхтар Әуезов Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.
Ұстаз болу — жүректің батырлығы, Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы Ұстаз болу — мінездің күн шуағы Ұстаз болу — адамның асылдығы. — Ғафу Қайырбеков ұстаз, мұғалім
Атың жақсы болса, Ер жігіттің пырағы, Балаң жақсы болса, Жан мен тәннің шырағы. Қызың жақсы болса, Жайқалып өскен құрағы. Әйелің жақсы болса, Бірінші - иманың, Екінші - жиғаның, Үшінші - ырысыңның тұрағы. — Төле би Әлібекұлы ат, жақсы
Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді. Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді. Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып, Және жылап өледі, өзгені де жылатып. Жылайтыны туарда – жамандар бар қинайтын, Жылайтыны өлерде – жақсылар бар қимайтын. — Қадыр Мырза Әли адам, жылау
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. — Абай Құнанбайұлы ақыл, ғылым
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. — Ахмет Байтұрсынұлы мектеп, мұғалім
Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді. Ұлы мұғалім шабыттандырады — Уильям Уорд мұғалім, шабыт
Жақсы ой мен жақсы сөз - жақсы істерге жетелейді. — Ыбырай Алтынсарин ой, сөз
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. — Ыбырай Алтынсарин жақсы, мұғалім
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі