Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (89) Өлеңдер (172) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (114) Ұлағатты сөздер (47) Әзіл, анекдоттар (6)

"қыз" туралы Ұлағатты сөздер

"қыз" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "қыз" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Дала қызының назданған еркелігінде мұң да бар, жігер де бар, жалынышы мен жалыны да бар. Жан тазалығы, саудаға салмас ар-ұят тазалығы да бар. Сондай қолтума өнерінен кіршіксіз ләззат ала аласың...

Ілмектер: ұят, қыз Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Үміт күткен ұлы оңбаған болып кетсе – әке сорлы; қызы күйеуге өтпесе – шеше сорлы; сұлу деп алғаны сүйкімсіз болып шықса – жігіт сорлы; қыран деп тигені жапалақ болып шықса – жар сорлы

Ілмектер: әке, шеше, жігіт, жар, сұлу, қыз Әзілхан Нұршайықов
WhatsApp Telegram

Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек, себебі қыздың жалаңаш жеріне көп көзінің құрты түскіш келеді. Ал халықта: “Есті қыз етегін қымтап ұстар” деген мақал бар.

Ілмектер: қыз, көйлек Әзілхан Нұршайықов
WhatsApp Telegram

Қыз мінезінде ұяңдық пен әдеп бірге кездессе, бірін-бірі жасырыңқырап тұрады, ашықтық пен абайсыздық бірге кездессе, бірін-бірі асырыңқырап тұрады.

Ілмектер: қыз, мінез, әдеп Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Шошаңдаған қыз шешесінің атына кір келтіреді.

Ілмектер: қыз, ана, Әдеп Әзілхан Нұршайықов
WhatsApp Telegram

Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігітке оның жымиғаны да жетіп жатыр.

Ілмектер: қыз, жігіт, Әдеп Әзілхан Нұршайықов
WhatsApp Telegram

Көшеде көлденең тұра қылып бірінің ернін бірі жұлып жіберердей боп жалмап, жұрт көзінше сүйісіп жатқан қыз бен жігітте ар да, ұят та болмайды. Ондай әдеттен без, ондай құрбыдан аулақ бол.

Ілмектер: ұят, қыз, жігіт Әзілхан Нұршайықов
WhatsApp Telegram