Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (20) Өлеңдер (78) Мақал-мәтелдер (20) Ұлағатты сөздер (69) Әзіл, анекдоттар (1)

Заман — Ұлағатты сөздер жинағы - 4-бет

Бұл бөлімде "заман" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Заман қартайтқанға - бояу айыпты емес.

Ілмектер: заман, қарттық Махмұд Қашқари
WhatsApp Telegram

Ақын ғаріп емес пе,
Байды өтірік мақтаса.
Заман ғаріп емес пе,
Әділеттен аттаса.

Ілмектер: бай, заман, әділет, тағлым Жамбыл Жабаев
WhatsApp Telegram

Заман талабының деңгейінде болу үшін біздер — мәдениет қайраткерлері өмірге барынша терең бойлап, оны жан-жақты тануымыз керек, ең жоғарғы шеберлікке жетіп, ерінбей-жалықпай еңбектенуіміз қажет.

Ілмектер: қайраткер, заман Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Бұ заманда не ғаріп - ақ қалалы боз ғаріп, жақсыларға айтпаған асыл шырын сөз ғаріп.

Ілмектер: заман, сөз, ғаріп Асан қайғы
WhatsApp Telegram

Бұл заманның жақсысы: бірін-бірі көре алмас, жұртына пайда бере алмас.

Ілмектер: заман, жұрт Дулат Бабатайұлы
WhatsApp Telegram

Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы!

Ілмектер: заман Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билер заман.

Ілмектер: мал, жұрт, заман Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Адамның бір атаның баласы екені рас болса, белгілі бір заманның баласы екені де даусыз.

Ілмектер: адам, заман Мағжан Жұмабаев
WhatsApp Telegram