Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "Өмір" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Үй ішілік ахуал — өмір үшін мазасыздықтың бір көрінісі.
Ілмектер: ахуал, үй, өмір, мазасыздық, көрініс Жан Бодрийяр
Басқа өмір формаларын көріп қана өз өміріңнің ақиқатын сезіне бастайсың.
Ілмектер: өмір, ақиқат, сезім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
Өсімдік ұрықтанады, бірақ тумайды. Ол өмір сүреді, бірақ өмірінде ояну, сезім əлемін ашатын алғашқы күн жоқ.
Ілмектер: өсімдік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өмір, күн Освальд Шпенглер
Жануар өмір сүріп жатқанын біліп өмір сүреді. Адам өз өміріне таң қалады да, соған орай сұрақтар қояды: бірақ оларға оның берер жауабы жоқ. Ол өзінің жауабының дұрыстығына сенуі ғана мүмкін: бұл ретте Аристотель мен ең жабайы адамның арасында ешқандай айырмашылық жоқ десе де болады.
Ілмектер: жануар, адам, өмір, жауап, сұрақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
Өсімдік өзінің өмір сүріп жатқанын білмей-ақ өмір сүреді.
Ілмектер: Өсімдік, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
Шын өмірді тану мүмкін емес, сүру керек.
Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
Алғашқы қауымдық құрылыс адамы дегеніміз — адасқан жануар, тіршілігі өмір арқылы жол тауып, танылып келе жатқан жан иесі.
Ілмектер: қауым, құрылыс, жануар, тіршілік, өмір, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
Мəдениет адамдары — түйсіксіз, дерекке сүйенетін адамдар — түйсікпен өмір сүреді.
Ілмектер: Мəдениет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өмір, дерек, түйсік Освальд Шпенглер
Ұзақ өмір сүретініне сенгеніңді ғана сүйе аласың.
Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
Біз өмірдің рəмізі — қан деп ойлаймыз.
Ілмектер: өмір, рәміз, қан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
Өмірді жақсы көр, себебі оны Алла жаратты. Өмірде жүрген өзің сияқты адамдарды жақсы көр, себебі оларды да Алла жаратты. Адамның жаратқанын жақсы көр, себебі оларға да жаратуды Алла үйретті. Сонда адам нені жек көруі керек? Алланың жауы болған Шайтанның жаратқанын.
Ілмектер: Өмір, Алла, жақсылық, жаратылыс, адам, жек көру, жау, шайтан, туралы Нарша Булгакбаев
Ғылымсыз өмірдің мәні жоқ, өнерсіз өмірдің сәні жоқ.
Ілмектер: ғылым, өмір, өмірдің мәні, өнер, сән, туралы Нарша Булгакбаев
Ақиқат — абсолютті əрі мəңгілік: яғни, оның өмірге ешбір қатысы жоқ.
Ілмектер: Ақиқат, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Мəңгілік Освальд Шпенглер
Өмір ойлаусыз-ақ тіршілігін жалғастыра береді: ойлау — өмір сүрудің бір түрі ғана.
Ілмектер: өмір, ойлау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
Өмір ұлы атану үшін аса қатігез болуы керек.
Ілмектер: өмір, қатігез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
Өмір сүру дегеніміз — ішкі мүмкіндіктерді жүзеге асыру.
Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
Данышпандар мен ғалымдар — біз қарайтын өмірге басқаша қарайды. Олар ерекше ойлау қабілетіне ие.
Ілмектер: Данышпан, ғалым, өмір, ойлау, қабілет, туралы Нарша Булгакбаев
Өмір сүру дегеніміз — өз мүмкіндіктеріңді жүзеге асыру.
Ілмектер: өмір, мүмкіндік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер
Өмір мен ақша туралы олар таусыла бастағанда еске алады.
Ілмектер: өмір, ақша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Эмиль Кроткий
Өмір жолы ұзақ — аңсатады, арманыңа жеткенше.
Ілмектер: аңсау, жол, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, арман, көр Сайын Назарбекұлы
Өмір жолы қысқа, көзді ашып-жұмасың, көріңе жеткенше...
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі