Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (52) Өлеңдер (150) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (162) Ұлағатты сөздер (150) Әзіл, анекдоттар (1)

Тымырайып, тым мүләйіп отырғанда данадай,
Көрсең ішін, қуыс пішін, аңлау-саңлау даладай,
Сырты сырлы, іші бос, қуыршақтай болма дос!

Ілмектер: дос, достық Қайнекей Жармағамбетов

Өсек ерсе соңыңнан, талайды танып қаласың,
Дос салса қанжар жоныңнан, емдеу қиын жарасын.

Ілмектер: өсек, дос, сатқындық, қанжар Қайнекей Жармағамбетов

Жаман дос — көлеңке: басыңды күн шалса — қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса— іздеп таба алмайсың.

Ілмектер: жаман, дос Абай Құнанбайұлы

Қа­зақ­тың екi «­жауы» бар. Бiрi, дос жауы — Абай. Қал­ған­да­ры — қас жауы.

Ілмектер: қазақ, жау, Абай, дос, қас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер, ойлар, ой, Асқар Сүлейменов, ой-толғау, нақыл сөз Асқар Сүлейменов

Ешегі судан өткенше араласатын достан, өлсе өлігін көрсетпейтін ит жақсы

Ілмектер: дос Мәулітбек Ұлас

Ақылсыз достан,
Ақылды дұшпан артық-ты

Ілмектер: дос, ақыл, дұшпан Шалкиіз Тіленшіұлы

Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты: сонда Төле би былай деген екен: — Бата — басқа, қына — тасқа, ақыл — жасқа, не қалайсың, балам? — депті. Сонда Жетес бала: — О, қасиетті, баба! — Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат, тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз соған ризамын, — депті. Онда қолыңды жай, балам, — деп Төле би:

Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма,
Көп көлдың ағасы бол!
Ақты ақ деп бағала, аумин,
Қараны карала
Өзегің талса өзен бойын жағала,
Басыңа іс түссе көпшілікті шағала.
Өзіңе-өзің кәміл бол.
— Халқыңа әділ бол,
Жауыңа қатал бол!
Досыңа адал бол!

Ілмектер: бата, дос, жау, адалдық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Төле би Әлібекұлы