Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (27) Өлеңдер (85) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (482) Ұлағатты сөздер (150) Әзіл, анекдоттар (1)

Ел — Ұлағатты сөздер жинағы - 8-бет

Бұл бөлімде "ел" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Шешен кісі сөз бастар,
Адал кісі – ел бастар.

Ілмектер: ел, сөз, адалдық, шешен Жамбыл Жабаев
WhatsApp Telegram

Егер ел басшысы тоңмойын һәм сатқын болмаса - елдің бағы.

Ілмектер: ел, басшы, сатқын, бақ Білге қаған
WhatsApp Telegram

Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ.

Ілмектер: ел, бірігу, бақыт Білге қаған
WhatsApp Telegram

Бақ болмайды басқа бақ - есің барда елің тап.

Ілмектер: Бақ, ел, ес Білге қаған
WhatsApp Telegram

Қазақтың жүрегі тоқтамасын, өнердің жүрегі тоқтамасын деп отырғаным сол. Өнерін өлтіріп алған қазақ ел болып оңбайды, елінен айнып қалған жүрек – жүрек боп соғып жарытпайды. Екеуі бөлінбес бір бүтін, тұтас дүние деп есептеймін. Ендеше, жүрегіміз тоқтамасын.

Ілмектер: ел, жүрек, Қазақ, өнер Әшірбек Төребайұлы
WhatsApp Telegram

Ел силарлық бағаң болмаса, елге аға болдым деме.

Ілмектер: ел, аға, баға Әзілхан Нұршайықов
WhatsApp Telegram

Елде жоқ рух – ақын сөзіне қайдан келсін?!

Ілмектер: дәйексөз, ел, Рух Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Ел болам десең бесігіңді түзе.

Ілмектер: Ел, бесік Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram