Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (48) Өлеңдер (93) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (847)

Дүние тауқыметінен екі-ақ адам құтылар: біреуі - әлі тумаған адам, екіншісі - өлген адам.

Ілмектер: адам, нақыл, афоризм, тауқымет, өмір, дүние Құтып

Адамдар - әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды.

Ілмектер: адам, ана, перзент, нақыл, афоризм Максим Горький

Аңдар адамдармен өмір сүріп қолға үйренді, ал адамдар бір–бірімен араласа жүріп жануарға айналуда.

Ілмектер: адам, жануар, нақыл, афоризм Гераклит

Көп өтірік айтатын адамдар шыншыл болып көрінуге тырысып бағады.

Ілмектер: өтірік, адам, нақыл, афоризм Цицерон

Балаларым болса екен деу — табиғи нәрсе...бала болмаса, адам мен адамның табиғи байланысының болуы да мүмкін емес.

Ілмектер: адам, бала, табиғат, нақыл, афоризм Цицерон

Көп білемін деп кеуде соққан адамдар, әдетте нәтижеге жете алмайды.

Ілмектер: адам, нәтиже, нақыл, афоризм Лао-цзы

Адамға тән бір жақсы қасиет – өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу.

Ілмектер: қасиет, адам, нақыл, афоризм Әл – Фараби

Егер адам өз жұмысын ұнатпаса, бақытсыз болады. Ал сүйікті іс адамды тек табысқа жетелейді.

Ілмектер: адам, жұмыс, нақыл, табыс, афоризм Стивен Кинг

Егер тұлға – адам дамуының шыңы болса, даралығы – оның тереңдігі.

Ілмектер: даралық, нақыл, афоризм, адам, даму, қанатты сөздер Борис Ананьев

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер.

Ілмектер: ақыл, ғылым, ар, мінез, адам, озу Абай Құнанбайұлы

Заманға таң қалма − адамға таң қал.

Ілмектер: заман, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әбіш Кекілбаев

Жақсы адам жаман жазушы болуы мүмкін, бірақ жаман адам жақсы жазушы бола алмайды.

Ілмектер: жазушы, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мұхтар Мағауин

Құрмет құрметті адамға ғана жарасады.

Ілмектер: құрмет, адам, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Адам өз-өзін жөндеуге кіріскен кезде, адам деген атқа лайық болады.

Ілмектер: адам, нақыл, қанатты сөздер, Дейл Карнеги Дейл Карнеги

Кей адамнан ит ілгері, достықты ұмытпайды, адал қызмет етеді.

Ілмектер: ит, достық, адал, адалдық, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шәкәрім Құдайбердіұлы

Әлемді құтқару оңай емес, алайда адамды құтқаруға толық мүмкіндік бар.

Ілмектер: құтқару, адам, әлем, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иосиф Бродский

Адамға сырттан ғайбат жарамайды.

Ілмектер: ғайбат, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Адам жеңілістерге төзуге жаралған жоқ. Адамда құртуға болады, бірақ жеңе алмайсыз.

Ілмектер: жеңіліс, жеңіс, нақыл, адам, қанатты сөздер, афоризм Эрнест Хемингуэй

Әр адам өзінің ойынан терең емес ойларды ғана түсінікті деп ойлайды.

Ілмектер: ой, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марсель Пруст

Ит мені ешқашан қапқан емес. Қапқан тек адамдар.

Ілмектер: ит, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мэрилин Монро