Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (48) Өлеңдер (93) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (853)

Адамның ақыл-ойы тойымсыз. Ол тоқтай да, тыныштықта тұра да алмайды, ол үнемi алға ұмтылыста болады.

Ілмектер: адам, ақыл, ой, тыныштық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фрэнсис Бэкон

Адамдар жақсылықты басқара алмаған және оны тиiстi дәрежеде пайдалана алмаған жағдайда, ондай жақсылықтан жамандық туындайды.

Ілмектер: адам, жақсылық, жамандық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Демокрит

Адамның ең асылы - қиянатсыз, ақ пейіл адам.

Ілмектер: адам, қиянат, пейіл, мінез-құлық, мінез Шәкәрім Құдайбердіұлы

Адам барлық жағынан да: түрі де, киімі де, жаны да сұлу болу керек.

Ілмектер: адам, сұлу, жан, киім Антон Чехов

Үлкен-кіші адамнан иба кетті,
Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті,
Мінез-құлық бұзатын әдет жетті,
Бұл не деген заман болды, достар?!

Ілмектер: заман, мінез, мінез-құлық, қыз, адам, афоризм, нақыл Қожа Ахмет Йассауи

Жұмысы жоқтық,
Тамағы тоқтық,
Аздырар адам баласын.

Ілмектер: жұмыс, тамақ, тоқтық, адам Абай Құнанбайұлы

Жақсы адамның сөзi де, ойы мен iсi де iзгi.

Ілмектер: жақсы, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ой, іс Лао-цзы

Махаббат, достық, бауырмалдық - адамның ең бір асыл қасиеттері.

Ілмектер: махаббат, достық, бауырмалдық, адам, қасиет Ғабит Мүсірепов

Менiңше, әрбiр естi адам өзiнен жақсы кiсiнiң қасынан табылуға тырысады.

Ілмектер: есті, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Платон

Адам баласына адам баласының бәрі - дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің - бәрі бірдей, ақыретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің, көрден махшарда сұралуың - бәрі бірдей, екі дүниенің қайғысына, пәлесіне қаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың - бәрі бірдей екен.

Ілмектер: адам, дос, ақырет Абай Құнанбайұлы

Астан да, адамнан да аттап өтпе.

Ілмектер: ас, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы

Қара есектің басына жүген таққанмен-тұлпар болмас.
Күңге сары пәй шапан жапқанмен-бәйбіше болмас.

Ілмектер: адам Қорқыт ата

Бiз адамға табиғатынан дарынды дегеннен артық мақтау таба алмаймыз.

Ілмектер: адам, дарын, артық, мақтау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мишель де Монтень

Адамдар бақытының мәнiсi олардың iстелуi тиiс нәрсенi iстеудi ұнатуында.

Ілмектер: адам, бақыт, ұнату, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Клод Гельвеций

Сенiң iстерiңдi өзiңнiң айналаңдағы адамдар қалай бағалайтынын ойлан. Өзiңе жағымды нәрселердiң бәрi басқаларға ұнай бермейдi.

Ілмектер: адам, бағалау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Василий Сухомлинский

Жан жалқаулығы - қауiптi нәрсе. Өз жаныңа үңiлiп, онда осы қырсықтың ұрығы жоқ па екен, соны байқа. Егер бар болса - лақтыр оны, оның тамыр жаюына жол берме. Жан жалқаулығы - адамға деген немқұрайдылық. Сен үлкен қаланың көшесiнде келе жатып, көп адамның iшiнен көзiнде қажу мен торығу мұңы ұялаған кiсiнi көргенде жаның селт етпесе, бiреудiң қайғысын сезiне бiлмесең, адам жанын - осы бiр қайталанбас әлемдi түсiнбесең, онда сен де осы аурудың - жан жалқаулығының алғашқы белгiлерi бар. Өзiңдегi осы ауруды жеңе бiл. Айналаңда болып жатқан нәрселерге ой көзiмен қара. Адамды көрiп, сезiне бiлуге үйрен. Өзiңдi қоршаған дүниедегi ең бастысы адам екенiн ұмытпа. Егер өзiңдегi бұл ауруды о баста жеңе алмасаң, онда өз әйелiңнен адамды көрiп, сезе алмайсың, сұлулық пен iзгiлiк еге алмайсың, сондықтан өз балаларыңды дұрыс тәрбиелей алмайсың.

Ілмектер: афоризм, жалқаулық, нақыл, қанатты сөздер, Немқұрайдылық, адам, сезім, сұлулық, iзгiлiк, тәрбие сағаттары Василий Сухомлинский

Арсыз адам — бәрiнiң бағасын бiлсе де, нағыз құндылық туралы түсiнiгi болмайтын адам.

Ілмектер: Арсыз, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, құндылық Оскар Уайльд

Адамдар мені білмейді деп қапаланба, мен адамдарды білмеймін деп қапалан.

Ілмектер: адам, реніш, қапалану, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Адам әзіз айтар деп — көңіліңді салмағын,
Нәпсі алдаушы дұшпанның өсиетін алмағын.

Ілмектер: Адам, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, нәпсі, дұшпан, өсиет Асан қайғы

Адамға — ақыл керек, іс керек, мінез керек.

Ілмектер: адам, ақыл, іс, мінез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы