Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (48) Өлеңдер (93) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (853)

Адам елеусіз тозаң сияқты із-түссіз құрып кету үшін тумайды. Адам жер бетінде артында із қалдыру үшін, басқа адамдардың ақыл-ой дүниесінде жүргендей із қалдыру үшін туады.

Ілмектер: адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Василий Сухомлинский

Адамға жеңіл ақша бергенше,
Адамға жұмыс бер қолдан келгенше.

Ілмектер: жұмыс, іскер, іскерлік, ақша, жеңіл ақша, адам, жұмыс берушілер, табыс Али Динабеков

Бүгін кез келген жерден құтыласың.
Ертен сен күтпеген жерден тұтыласың.

Ілмектер: Али Динабеков, адам, адам баласы, бүгінгі күн, ертенгі күн, құтылу, тұтылу Али Динабеков

Ақылды адам ертенгі күнін ойлайды.
Ақылсыз адам бүгіндікпен ойнайды.

Ілмектер: нақыл сөз, дана сөз, даналық, ақылды адамдар, ақыл, ақылсыз, ой, ойлау, ойшыл, адам, адам баласы Али Динабеков

Ақылды жүрекпен сезіп, аз сөйлеп оймен жеткізер.
Ақылсыз мұрынмен сезіп, көп сөйлеп тілмен жеткізер.

Ілмектер: нақыл сөз, даналық, ақыл, ақылды, ақылсыз, ой, ойлау, ойшыл, адам, жүрек, мұрын, тіл, сөйлеу, сезім Али Динабеков

Жас кезде адам қызық іздейді,
Қарт кезде адам иман іздейді.

Ілмектер: жастық шақ, жас адам, қызық, қарт адам, іздеу, адам, жас Али Динабеков

Сүю — адамның бүкіл ізгі қасиеттерінің басын қосады

Ілмектер: Сүю, адам, қасиет, ізгілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Оноре де Бальзак

Италияны, әсіресе Римді көрген адам, өмірден бақытсыз өттім дей алмас.

Ілмектер: Рим, италия, бақыт, адам, нақыл, афоризм, бақытсыз Иоганн Вольфганг фон Гёте

Дүние тану, білімге талпыну әрбір адамның есейген дәуірінен аңсап қараған түбегейлі ісінің бірі болып келеді. Егер бұл талпыну болмаса, әрбір адам білімге, еңбекке үңіле қарамаса, тек аңша қарын тойдырып, ұйқымен уақыт өткізсе, ешбір ілгері басу — өрлеу де болмас еді.

Ілмектер: білім, оқу, еңбек, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, уақыт Әлкей Марғұлан

Алатын кезде — алға озып, беретін кезде артта бұғып қалатын, алғаны мен бергенін жіпке тізіп санайтын адамнан аулақ жүр. Ондай адамнан құтылудың өзі-үлкен олжа.

Ілмектер: олжа, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адам Бауыржан Момышұлы

Адам ешкімге сенбей, бәріне күдіктеніп, айналасындағыларды ылғи “алдамшы”, “қу”, “нашар адамдар” деп ойлап жүрсе, тура сондай сұмырайлар кездесе береді, қасыңа топталып, жинала береді.

Ілмектер: адам, сенім, қу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Адам өзін қашан артық жақсы көре бастайды, сол кезде бұзыла бастайды.

Ілмектер: адам, жақсы көру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Нұрхалық Абдырақын

Адам шыр етіп өмір базарына келеді. Адамның бәрі тал бесіктен табытқа дейін базардағы саудагер іспетті. Біз кез-келген жұмыс жасасақ соның ақысын дәметеміз. Барлық ісімізден қайтым күтеміз, бұл адам табиғаты. Бүгінгі таңда амандасудың өзін де есеппен жасайтын болдық, міне нағыз сауда алаңы. Осылай өмір базарында бәріміз сауда жасап жүреміз.

Ілмектер: саудагер, өмір, бесік, базар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адам Нұрхалық Абдырақын

Егер адам өзінің қарғыс атқан жексұрын екендігін естен шығарып ала берсе, бұл оның мәңгілікке қарғыс атқан жексұрын екендігінің дәлелі.

Ілмектер: адам, қарғыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Эмиль Чоран

Көрінбейтін адам не өлі не жат саналады, сондықтан жағдайыңыз қандай болса да көрініп қойыңыз, тығылмаңыз, қашпаңыз, сізге көмектеседі.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, адам, өлім, жат, жағдай, көмек Нарша Булгакбаев

Кез келген кітапты бір оқығаннан түсінбеуіңіз мүмкін, сондықтан кітапқа тағы бірнеше мүмкіндік беріп көріңіз. Адамға кітап көмектесу үшін оны қайта-қайта оқу керек, себебі адам бейсанасына бір оқығаннан бәрі жазыла салмайды.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, кітап, адам, көмек, сана Нарша Булгакбаев

Адамның əрқайсысы өмір деп аталатын пьессаны, сценарийді үйлесімді, əуезді, қуанышпен ойнай алады, бірақ бұл үшін сіз өмір ережелерін, заңдылықтарын біліп, ойын техникасын игеруіңіз керек.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, адам, өмір жайлы, пьеса, сценарий, ойын, ереже, Заң, техника Нарша Булгакбаев

Өз-өзімен сөйлесетін жалғыз жаратылыс ол адам. Əлем, ғалам үшін сіздің əрбір ойыңыз – сөз, ал əрбір сөзіңіз – заң. Ой дегеніміз ол сіз ғана еститін ішкі сөздер.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, сөйлеу, жаратылыс, адам, Әлем, ғалам, ой, сөз, Заң Нарша Булгакбаев

Адамның тілі өзгерсе басқа тілде шүлдірлейді, ділі өшсе ұлтын жоғалтады, діні өлсе адамдықтан бірақ кетеді.

Ілмектер: тіл, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, діл, дін Нұрхалық Абдырақын

Адамның ақылының кіруіне жасы да үлкен роль атқарады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, адам, ақыл, жас Нарша Булгакбаев