Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (18) Ұлағатты сөздер (4) Әзіл, анекдоттар (2)

Байлық басы көпке байлаулы емес - базарда ақша болатынға байлаулы.

Ілмектер: байлық, базар, ақша Әлихан Бөкейханов

Қаланың паспорты – такси мен базар.

Ілмектер: қала, паспорт, такси, базар Асқар Сүлейменов

Қаршыға әлсіз болса қаз алмайды,
Ер жігіт малсыз құлаш жаза алмайды.
Бұл дүние – жұртты алдайтын бейне базар,
Әр адам өз әлінше базарлайды.

Ілмектер: базар, дүние, мал, жігіт, алдау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Адам шыр етіп өмір базарына келеді. Адамның бәрі тал бесіктен табытқа дейін базардағы саудагер іспетті. Біз кез-келген жұмыс жасасақ соның ақысын дәметеміз. Барлық ісімізден қайтым күтеміз, бұл адам табиғаты. Бүгінгі таңда амандасудың өзін де есеппен жасайтын болдық, міне нағыз сауда алаңы. Осылай өмір базарында бәріміз сауда жасап жүреміз.

Ілмектер: саудагер, өмір, бесік, базар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адам Нұрхалық Абдырақын