Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (204) Өлеңдер (334) Жоспарлар (24) Мақал-мәтелдер (85) Ұлағатты сөздер (51) Әзіл, анекдоттар (4)

Солдаттың анасы — Отанның анасы.

Ілмектер: солдат, ана, отан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ана үшін аянба — ант ұрады,
Бала үшін аянба — бетің күйеді.
Ел үшін аянба — жігіттілігіңе сын.

Ілмектер: ана, бала, ант, сын, ел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Әйел қызметкер де, қайраткер де болуға міндетті шығар. Алайда, ең алдымен ана болуы тиіс.

Ілмектер: әйел, ана, қызметкер, қайраткер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Анаң жақсы, қызың жақсы — әйеліңе не болған.

Ілмектер: ана, әйел, қыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Ана — тапқан ұлымен ардақты,
Саудагер — тапқан пұлымен салмақты.

Ілмектер: ана, бала, ұл, саудагер, пұл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Өзіне кезінде көмектескендерді ұмытатын алтау:
— оқушы — ұстазын;
— үйленген бала — шешесін;
— айрылған еркек — әйелін;
— мансапқа жеткен — көмекшісін;
— ауру — дәрігерін;
— адасқан — құтқарушысын.

Ілмектер: ауру, дәрігер, оқушы, ұстаз, ана, әйел, мансап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көмек, ұмыту Үнді даналығы

Адамға бір ініні анасы туып береді, ал енді біреуін сөз туып береді. Сөз туып берген іні көбіне жаныңа жақынырақ сезіледі.

Ілмектер: адам, іні, ана, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Үнді даналығы

Көзі жеткен шындыққа ара түспеу — кісілікке мін.
Шырылдап жатқан әлсізге ара түспеу — жігіттікке мін.
Үйретері жоқ болса — үлкендікке мін.
Кешірімі жоқтық — адамшылыққа мін.
Дана сөзін елемей шала сөзін демесе — елдікке мін.
Баласынан жерісе — аналыққа мін.
"Бақа бастысын" сыйламаса — әйелдікке мін.
Шаңырақ көтере алмаса — еркектікке мін.
Жасы жетпей марқайса — ұлға мін.
Жасы жетпей сарғайса — қызға мін.
Жерінен елі жерісе — патша міні.
Жұрты жалаңаш, өзі тоқ — әкім міні.

Ілмектер: мін, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, шындық, әлсіз, кешірім, дана, ана, бала, әкім, патша, ұл, қыз, сыйлау, еркек, әйел Сайын Назарбекұлы

Ана болу идеясының негізінде шексіз жаратылыс жатыр.

Ілмектер: ана, идея, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жаратылыс Освальд Шпенглер

Әйел-ана бір қолымен бала тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді.

Ілмектер: әйел, ана, бала, әлем Мұхтар Әуезов

Пікірлер