Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (10) Ұлағатты сөздер (46) Әзіл, анекдоттар (1)

Бір адамның кім екенін білгің келсе, қолына билік бер

Ілмектер: адамгершілік, билік Наполеон Бонапарт

Би түзу, билік әділ болсын.

Ілмектер: билік, әділ Әлихан Бөкейханов

Білмей тұрып билік айтудан аулақ болғын.

Ілмектер: билік Бауыржан Момышұлы

Кім бейбіт түрде билегісі келсе, билігі бар халықтың ризашылығы аясында болсын.

Ілмектер: бейбіт, билік, халық, ризашылық Михаил Лермонтов

«Мені ақша қызықтырмайды» немесе "әңгіме ақшада емес" деп кедей әкем айтатын, ал бай әкем: «Ақша — бұл билік» — деп өз пікірінен қайтпайтын.

Ілмектер: ақша, билік, әке, пікір Роберт Кийосаки

Билік айтсаң - түзу кес, адалын айт.
Тиянақ көрме жалғанды.

Ілмектер: билік, адал, өтірік, шындық Шәкәрім Құдайбердіұлы

Халқыңды билеместен бұрын, өз ордаңды билеп ал.

Ілмектер: халық, орда, билік Майқы би

Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі - зор билік, екіншісі - есепсіз байлық.

Ілмектер: қазақ, ақыл, байлық, билік Абай Құнанбайұлы

Мен демократияны халықтың билігі деп ойлайтын едім. Бірақ, Рузвелт мырза маған демократияның Америка халқының билігі екенін түсіндірді.

Ілмектер: билік, халық Иосиф Сталин

Дүние билігі күннен-күнге ақылды, ұста жұрт қолына ауып барады.

Ілмектер: дүние, жұрт, билік, нақыл, афоризм Әлихан Бөкейханов

Бізді билегісі келгендерге тосқауыл болғаннан гөрі, олардың өзін билеген анағұрлым жеңілірек.

Ілмектер: билік, нақыл, афоризм Франсуа де Ларошфуко

Ақылдылықпен ел биле, бiлiмдiлiкпен жұртты аузыңа қарат.

Ілмектер: ақыл, ел, билік, жұрт, білім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Әлемді жастар билейді — қартайғанда.

Ілмектер: әлем, билік, қарттық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бернард Шоу

Елдi билеуден адамның өзiн-өзi билеуi қиын. Жағдайы келгенде бақ көтерiп, таққа отыру бола бередi. Бiрақ соның буымен өзiн-өзi ұстай алмай, абыройын ашатындар көп.

Ілмектер: ел, билік, тақ, абырой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Абай Құнанбайұлы Абай Құнанбайұлы

Көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел.

Ілмектер: шуылдақ, билік, кемел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Патриотизм — еліңді әрдайым қолдау, ал билікті қолдауға лайық болса ғана қолдау.

Ілмектер: Патриотизм, ел, билік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Твен

Сөйлей бiлмейтiн адам мансап биiгiне көтерiлмейдi.

Ілмектер: мансап, билік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Наполеон Бонапарт

Адамдардың бiрi игiлiктi — билiктен, екiншiлерi — бiлiмге құмарлықтан, ғылымнан, үшiншiлерi — рахаттан iздейдi.

Ілмектер: Блез Паскаль, игілік, билік, білім, құмарлық, рахат, ғылым, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Блез Паскаль

Мен заңның ешқандай күшi болмайтын және бiреудiң билiгiндегi мемлекеттiң күнi санаулы екенiн айта аламын. Билеушiлер заңның құлы болатын мемлекеттің адамдарына Құдай игілік сыйлайды.

Ілмектер: мемлекет, құл, заң, билік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Платон

Жоғары билiкке ұмтылу адамның мемлекеттiң мүддесiнен гөрi өз пайдасын көбiрек ойлайтынын көрсетедi.

Ілмектер: билік, мемлекет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, пайда Шарль Луи Монтескье