Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Өлеңдер (2) Ұлағатты сөздер (3)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"жайбасар" тақырыбына байланысты Ұлағатты сөздер

"жайбасар" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "жайбасар" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Күйгелек пен жайбасар жолға шығыпты. Әңгімелесіп келеді.
Күйгелек: Аузыңнан бір сөздің шығуы бір шыбыштың лақтауындай екен.
Жайбасар: Сен байталша шаптыра сөйлейді екенсің.
Күйгелек: Күн бұлттанды! Жүріңкірейік, жауып кетер.
Жайбасар: Талай бұлттанатын, тарқайтын, жетерміз, ат қинамайық.
Күйгелек: Ат қиналса қиналсын, ішім жарылмасын,—деді де тұра жөнелді.
Жайбасар: Ішімді жармай-ақ, атымды қинамай-ақ мен де жетермін,— деп қала беріпті.

Ілмектер: Күйгелек, жайбасар, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Күйгелектің күні қыста да ыстық, жайбасардың күні жазда да салқын.

Ілмектер: Күйгелек, қыс, күн, ыстық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жайбасар, жаз, салқын Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Ақырын жүрсең сорың сені қуып жетеді, жылдам жүрсең сен сорыңды қуып жетесің.

Ілмектер: жайбасар, ақырын, нақыл, афоризм, сор, қанатты сөздер Мұқағали Мақатаев
WhatsApp Telegram