Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (2) Ұлағатты сөздер (2)

Күйгелек — Ұлағатты сөздер жинағы

Бұл бөлімде "күйгелек" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Күйгелек пен жайбасар жолға шығыпты. Әңгімелесіп келеді.
Күйгелек: Аузыңнан бір сөздің шығуы бір шыбыштың лақтауындай екен.
Жайбасар: Сен байталша шаптыра сөйлейді екенсің.
Күйгелек: Күн бұлттанды! Жүріңкірейік, жауып кетер.
Жайбасар: Талай бұлттанатын, тарқайтын, жетерміз, ат қинамайық.
Күйгелек: Ат қиналса қиналсын, ішім жарылмасын,—деді де тұра жөнелді.
Жайбасар: Ішімді жармай-ақ, атымды қинамай-ақ мен де жетермін,— деп қала беріпті.

Ілмектер: Күйгелек, жайбасар, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Күйгелектің күні қыста да ыстық, жайбасардың күні жазда да салқын.

Ілмектер: Күйгелек, қыс, күн, ыстық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жайбасар, жаз, салқын Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram