Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (99) Өлеңдер (455) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (237) Ұлағатты сөздер (579) Әзіл, анекдоттар (4)

Өмірдің басты қағидасы – өмір сүру. Қолыңыздан келмесе де өз-өзіңізге: «мен мына затты жасай аламын», - деп уәде беріңіз.

Ілмектер: өмір, қағида, уәде Стивен Кинг

Өткен іске өкінбеу керек. Өмірден алған соққылардың бәрі маңызды емес. Маңыздысы – біздің еш нәрсеге мойымай, алға қарай ұмтылып, өмір сүріп келе жатқандығымыз.

Ілмектер: іс, өкініш, соққы, өмір Стивен Кинг

Егер сіз біреуге бірдене дәлелдегіңіз келсе, демек сол адам үшін өмір сүріп жатырсыз. Ал өзіңіз үшін өмір сүрсеңіз, сіз ешкімге ештеңе дәлелдемес едіңіз.

Ілмектер: өмір, дәлелдеу Михаил Литвак

Өмір - самал, ажал - амал.

Ілмектер: өмір, ажал Тоқсары

Өнердің өмірден айырмашылығы - өнер өмірден үйренбейді.

Ілмектер: өнер, өмір Асқар Сүлейменов

Уақытты таңдамайды - онда өмір сүреді.

Ілмектер: уақыт, өмір Нұрсұлтан Назарбаев

Адамдарға ақыл-парасат өз өмірін жақсарту үшін берілген.

Ілмектер: адам, ақыл, парасат, өмір Нұрсұлтан Назарбаев

Әр адамның өмірінде ұзақ күн, ұзақ түндері болады. Қысқа күн, қысқа түндері де болады.

Ілмектер: адам, өмір, күн, түн Ғабит Мүсірепов

Атаның орны балаға қалады.

Ілмектер: ата, бала, өмір Жүсіп Баласағұни

Асылы, адам - өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді.

Ілмектер: адам, өмір, еңбек Ғабит Мүсірепов

Бұл фани ұзақ болса жүз жыл болар,
Байқасаң тоқтауы жоқ бұл бір сонар.
Сонаршы кешке дейін түлкі қуған,
Күн батып, шаршаған соң, ақыр қонар.

Ілмектер: өмір, адам Сүйінбай Аронұлы

Бағың барда, жігіттер, - тоқталып, сірә, іркілмес,
Жұрт қарасын қызығып, бәрекелді деп шіркінге.

Ілмектер: өмір, жұрт, жігіт Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Қарт жақсы жас жақсысын күндемеген.

Ілмектер: қарт, қарттық, жас, күндеу, өмір Шал Құлекеұлы

Адам ішіп-жеу үшін ғана өмір сүрмейді.

Ілмектер: адам, ішу, жеу, өмір Саиф Сараи

Андысқан мына дүниеде - біреуге-біреу табашы.
Жігіттің бағы қайтады - ағайын-жұртын алдаса.

Ілмектер: дүние, өмір, туыс, ағайын, алдау Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Жалған да жарық дүние! Бізден де бір күн қаларсың!

Ілмектер: дүние, өмір Шәңгерей Бөкеев

Мен туылған кезде қатты жыладым. Бірақ мен өмір сүріп келе жатқан әр күн маған не үшін жылағанымды түсіндірді.

Ілмектер: өмір, жылау Александр Куприн

Өзің не істесең, алдыңа сол келер.

Ілмектер: өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Адам жиырма жасындағы көзқараспен елу жаста да қараса, онда ол өз өмірінің отыз жылын жоғалтыпты.

Ілмектер: өмір, көзқарас, жастық, қарттық, адам Мұхаммед Әли

Шахмат — бұл өмір.

Ілмектер: шахмат, өмір Роберт Фишер