Өлең, жыр, ақындар

dilnaz2004

  • Ұпайы: 7
  • Тіркелген уақыты: 24.06.2022 01:49
  • Соңғы кірген уақыты: 25.06.2022 11:21
  • Аты-жөні: Дильназ Сәлімгерей
  • Жынысы: Әйел
  • Пікірлері саны: 0

Жариялағандары

Мақалалар Ұлағатты сөздер

Ай мен Айша(Шерхан Мұртаза)кітабының мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін,айтуға оңай көркем сөз тіркесін алдық.
****
Кейін,кейін күштінің әлсізді қалай қорлайтынын талай көрдім.
****
Арманнан көңіл қалса-ашық аспанда күңгірт болып көрінеді.Өмірде мән-мағына қалмай,кеудең кеуек болып,дүниенің әділетсіздігінен түңіліп,қақпанға түскен қасқырдай құр кіржіңдеп қаласың.
****
Адам бейшараны қуанту оңай емес екен ғой.Көңіл жетсе,бәрі жетеді екен ғой...
****
Кім біледі,олар бізден гөрі бақыттырақ шығар.Мұндай сұм заман,қураған қу заман о дүниеде жоқ шығар.
****
Толықсып тұрған Ай бір аунап түскендей болды.
Сен қайдан келдің? – дегенде, бір данышпан:
-Мен балалықтың елінен келдім, – деген екен.
Ересектерде сол «балалықтың елінен» келмеген ешкім жоқ.
Анадан ешкім сақал-мұртымен тумайды.
Мен де солардың бірімін.
****
Бес жасар баланың миы әлі нүкте түспеген ақ қағаздай. Әсерлі оқиға, сұлу сурет сол аппақ қағазға өшпестей жазылып қалар.
****
Түйені жел шайқаса, ешкіні көктен ізде демеуші ме еді.
****
Бұл дүниенің біз білмейтін жұмбағы көп. Дүние о басында түп-түзу, дұрыс жаратылса керек. Бірақ кейін-кейін күштілер шыққан,әлсіздер шыққан. Әділетсіздік содан туған. Шын әділет – тепе-тендік. Адамдардың бәрі тең болуы керек. Ал адамдарда ондай теңдік бар ма? Біреу семіз, біреу арық. Әлемнің терезесі тең емес. Біреудікі биік, біреудікі аласа, ал біреудің терезесі шынысыз, қозы қарын ғана қампаяды. Ендеше, шын әділет еш уақытта, еш заманда да болмақ емес. Қазіргі әділет, әділет деп жүргеніміз – соның жұрнағы ғана.
****
Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық деген осы болар.

Ілмектер: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» әңгімесі Сәлімгерей Дильназ,Шерхан Мұртаза

Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім.

Ілмектер: білім, адамзат, халық Сәлімгерей Дильназ