Эссе және өлең-жыр байқауы

Техника, көлік, шеберхана құралдары


Ауылдан ауылға асады,
Іргесін бірге қосады.
Жатыр ұзын көсіліп,
Белден әрмен жосылып.

Жол



Бір алып мыңды тартады,
Үстіне жүгін аямай артады

Поезд



Бас-аяғы теп-тегіс болып біткен,
Селкілдесе денесі дір-дір еткен.
Өзіне қандай жуан кез келсе де,
Күшімен қақ айырып бөліп кеткен.

Темір ара



Кішкене өзі, мың көзді.

Оймақ



Жаһанда бір құс көрдім жалғыз аяқ,
Аузына тістегені темір таяқ.
Бір ұрсаң шапалақпен семіреді,
Белбеуі бар белінде жалғыз қабат.

Ұршық



Әуелде шөп едім,
Жерде өскен көк едім.
Қолға түсіп қиылдым,
Он жерімнен буылдым.

Ши



Өз елімде жеке едім,
Желкілдеген бек едім.
Мұнда келіп сайландым,
Қырық жерден байландым.

Тоқылған ши



Мың-миллион пернелі
Домбыраны көрген кім?

Темір жол



Көк тіреген діңгек тұр,
Бар әлемнен сыр кеп тұр.

Телемұнара



Киіміңнің,
Бұйымыңның
Жатқызады тігісін,
Жатқызады қыртысын.

Үтік



Бір тетігін басқанда,
Алып шықты аспанға.
Басып тағы байқап ем,
Жерге түстім қайта мен.

Лифт



Саусақ тіреп біртіндеп,
Баса берсең сабазды,
Сөйлетеді бір тілде
Қабат-қабат қағазды.

Баспаханалық мәшине



Мың миллион пернелі
Домбыраны көрген кім?

Темір жол рельсі



Екі аяқты желаяқ,
Артсаң болды сен аяқ,
Жетем деген жеріңе
Жеткізеді оңай-ақ.

Велосипед



Екі жақты,
Екі сапты.
Барлық затты
Тістер қатты.

Қысқаш



Kөмip шайнап,
Teмip құсады.

Домна пеші



Жүзімен шабады,
Шүйдесімен соғады.

Балта



Шаңға толған шанағы,
Қоқыр-соқыр – тамағы.

Шаңсорғыш



Бip тетігін басқанда,
Алып шықты аспанға.
Басып тағы байқап ем,
Жерге түстім қайта мен.

Лифт



Онда би де, күйің де,
Қызығына қанбайсың.
Отырып-ақ үйіңде,
Дүниені шарлайсың.

Теледидар