Өлең, жыр, ақындар


Қызықтырар әрi
Қарай берсең табылар,
Алуан түстi бояудың,
Өн бойында бәрi бар.

Қырғауыл



Тақылдатып,
Мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейдi,
Зиянкестi жазалап.

Тоқылдақ



Ағашта болса егер мең,
Хабар берiп морземен,
Тұмсығымен емдейдi,
Сосын көңiл демдейдi.

Тоқылдақ



Шуға бөлеп жағаны,
Қанаттарын қағады,
Айдын судың түлегi,
Шабақ iлiп жүредi.

Шағала



Үп-үшкiр таяғы,
Жылан көзiн ояды.

Дәуiт



Ұзақ тектес құс,
Шiркей жеп.
Ауыл маңынан
Ұзап кетпес құс.

Қараторғай



Қалқып тұрып аспанда,
Үн шығарып сан қилы,
Өнерiне басқанда,
Тұла бойың балқиды.

Бозторғай



Әуеде бiр ноқат
Тапжылмай қалқып тұр,
Әдемi бiр ырғақ
Аспаннан шалқып тұр.

Бозторғай



Екi айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрiгi.

Қарлығаш



Бұдыр-бұдыр балшықты,
Жинады да талшықты.
Ұқсатып қамытқа,
Үй салды жабыққа.

Қарлығаш



Ботаға ұқсас саны бар,
Шөл даланың құмайы.
Шәлкем мiнез жануар,
Ашу қысқан ұдайы.

Түйеқұс



Сирағы ұқсас қамысқа,
Мойыны бар сорайған,
Денесi бар,
Алыстан
Қарақшыдай қарайған.

Көкқұтан



Сирағы ұзын,
Тырнағы ұзын.
Балықты сүзбей,
Ұстайтын шоқып,
Тұмсығы бiздей.

Тырна



Көк жүзiнде жылжып жай,
Керуен құрған тiзiлiп,
Iлгек-iлгек шынжырдай,
Қалмайды олар үзiлiп?

Тырна



Имек тұмсық алғыр құс.

Қаршыға



Кеудесi қайқандап,
Жүредi байпандап.

Қаз



Салатын ұяны.
Өткiр көзi шегiр,
Бүргенiн құртар тұяғы.

Бүркiт



Бір мақұлық мойны жуан, тірсегі ұзын,
Тікпесе өзі етік, сақтар бізін.
Тағы да іске ыңғайлы қайшысы бар,
Іс тігіп көрген де емес еш қызығын.

Шаян



Бітік көз, салпаң құлақ, қайқы мұрын,
Көріп пе ең мұндай хайуан бұдан бұрын.
Домалақ, алды-арты бірдей екен,
Және де көріп жүрсіз әрбір түрін.

Шошқа



Үй ішін аралап,
Түнде көп жортады.
Қаптарды жарып,
Мысықтан қорқады.

Тышқан