Қазіргі әлемде халық ауылдардан қалаларға көбірек көшіп барады. БҰҰ сарапшылары әлемнің әртүрлі елдеріндегі қала және ауыл тұрғындарының санын есептеді.
Осы сараптаманың негізінде BusinessInsider талдаушылары тұрғындарының көпшілігі бір қалада тұратын елдердің рейтингін жасады.
Бұл елдер, әдетте, халық саны жағынан өте үлкен емес, бірақ сонымен бірге халқы 100 миллион адамнан асатын елдер де бар.
Кувейт астанасы Кувейт қаласында 3 052 000 адам тұрады, бұл ел халқының 72,5% құрайды. Елдің жалпы халық саны 4 207 000 адамды құрайды.
Джибути астанасы Джибутиде 569 мың адам тұрады, бұл ел халқының 58,4% құрайды. Елдің жалпы халық саны 974 мың адам.
Уругвайдың астанасы Монтевидеода 1 745 000 адам тұрады, бұл ел халқының 50,4% құрайды. Уругвайдың жалпы халық саны 3 462 000 адам.
Моңғолиядағы Ұлан-Баторда 1 553 000 адам тұрады, бұл ел халқының 48,2% құрайды. Моңғолияда барлығы 3 225 000 адам тұрады.
Тель-Авивте 4 097 000 адам тұрады, бұл ел халқының 48,1% құрайды. Жалпы Израильде 8 519 000 адам тұрады.
Парагвайдың астанасы Асуньон қаласында 3 279 000 тұрғын бар, бұл ел халқының 46,5% құрайды. Парагвайдың жалпы халық саны 7 045 000 адам.
Панама астанасы Панама қаласында 1 822 000 адам тұрады, бұл ел халқының 42,9% құрайды. Панамада барлығы 4 246 000 адам тұрады.
Браззавиль қаласында 2 308 000 адам тұрады, бұл ел халқының 42,9% құрайды. Конгода барлығы 5 381 000 адам тұрады.
Тринидад және Тобаго астанасы Порт-оф-Спейн қаласында 544 000 адам тұрады, бұл ел халқының 39,0% құрайды. Тринидад және Тобагода барлығы 1 395 000 адам тұрады.
Габон астанасы Либревиль қаласында 824 000 адам тұрады, бұл жалпы халықтың 37,9% құрайды. Жалпы елде 2 173 000 адам тұрады.
Керімсал Жұбатқанов тарих ғылымдарының кандидаты
Халқы жойылып кету қаупі бар 10 ел
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі