Бар қазақтың қан тамыры ауылда,
Сол ауылдан шықты ақын, ғалым да.
Сол ауылды көркейтуді мақсат қып,
Елбасы да жарлық етті қауымға.
Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен, болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап - ақ әрбір жеке тұлға адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Менің отаным кішкене болса да, мен үшін аса қымбат жер Хромтау ауданы, Бөгетсай ауылынан бастау алады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалық шағым өтті. Туған жердің қадірін ұясынан ұзаққа кеткен адам ғана түсінеді. Туған жердің топырағы, суы мен ауасы, түтіні де қымбат. Оның тауы мен тасынан да, өзен көлінен де, тіпті құмы мен шөлінен де әсем әуен естуге болады.
Алтын бесік - ауылым! Оның бойында күретамыр болған Ор өзені. Ор - бір ғана сұлулық көрінісі ғана емес, Ор - алыстан ой арғытқан жолаушының аялдар, қонақтар мекені. Басын Мұғалжар тауынан алып, аяғын Ақжайыққа тірейтін еркелей аққан Ор өзенінің бойында алыстан мен мұңдалап тұрған Бөгетсай ауылы орналасқан. Бөгетсай - селолық округ орталығы, елді мекен. Ауыл тұсындағы ағып жатқан Ор өзенінің үстінен үлкен бөгет салынған. Соған байланысты осылай аталған. Ауылымызға жақын жерде Талдыбұлақ деп аталатын табиғи әсем жер бар. Ол жерге жазды күндері демалушылар жан – жақтан көптеп келіп демалады. Суға шомылып, балық аулайды.
Ауылда үш қабатты мектеп, екі қабатты мәдениет үйі, емхана, әкімшілік, «Ақнұр» мешіті, шағын маркет, тойхана сияқты әсем ғимараттар бар. Мектебіміздің 80 жылдық тарихы бар. Осы уақыттар аралығында көптеген шәкірттер білім алып, еліміздің түкпір – түкпірінде қызмет етуде. Мектептің абыройы асқақ, дәрежесі жоғары. Оған дәлел Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі болған ақын Қызмет Нұралин, Жұмабаева Мырзабике Алматы қаласындағы Халықаралық бизнес академиясының профессоры, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры. Елубаева Венера медицина ғылымдарының доценті, Дербісалин Аманқос ауыл шаруашылығы саласындағы ғалым және тағы басқалары.
Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін, сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...» деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіз дүрсілі естіледі. Мен өз ауылымды, білім алған алтын ұя мектебімді жанымдай жақсы көремін.
Қазір бойжеттіп,өз ұямнан, туған жерімнен жырақ кетсемде, туған жер өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі