Ертеде бір ханның қойшысы бар екен. Сол қойшы ханның жалғыз баласымен бір жаққа барып келе жатса, өзеннің жағасында жылқының басы жатыр екен. Сонда қойшы: «Мені Толыбай сыншының баласы деп кім айтады, сені көкорақ тұлпар деп кім айтады?» — деп жылқының басын құшақтап жылайды. Осы уақиға жайын ханның баласы әкесіне айтып келеді. Мұны естіген хан қойшыны шақырып алып: «Сен
сыншы болсаң, менің бес жүз жылқымның ішінен шабатын тұлпар бар ма, айқындап бер», — дейді. Қойшы ханның жылқыларын аралап, ешбір жылқыға көңілі толмай, ханға: «Сіздің жылқыларыңыздың ішінде шабатын тұлпар жоқ», — дейді. Хан қойшыға қаражатын, керек жарағын беріп, тұлпар тауып келуін сұрайды. Қойшы шаһардан-шаһар кезіп, базарларды түгел аралап, ешбір тұлпар таба алмай, бір қойшыдан жауыр, жүні түскен қотыр тайды сатып алып ханға келеді. Хан қойшыға: «Бір айдан кейін болатын бір бәйге бар, соған осы тайды қосасың», — деп бұйырады. Қойшы «мақұл» деп, тайды бір табын жылқыға қосып жібереді. Асқа он күн қалғанда ханның баласы үйірге барып қараса, әлі сол қалпында, жауыр арық тайды қойшы мініп жүр екен. Қойшыдан: «Ханның бәйгеге қосатын тұлпарын мініп жүргенің қалай?» — десе, ол: «Ханның
бес жүз жылқысының ішінде осыдан басқа ұшығына шығатын жылқы көрмедім», — дейді. Содан бәйге болып, тепеңкөк бәйгені алып келеді.
Сонда қойшы Тепеңкөкті:
Кекіліңе болайын күлтеленген жібектей,
Сауырыңа болайын, түбі түскен шелектей, — деп еркелеткен екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі