Жиреншенің жары Қарашаш қайтыс болады. Әз Жәнібек хан Жиреншеге:
— Әкесі өлген қалай болады? — дейді.
— Әкесі өлгені — асқар тауы құлағаны, — депті.
— Шешесі өлген қалай болады?
— Сарқылмас бұлағының суалғаны.
— Ағасы өлген қалай болады?
— Оң қанаты қайырылғаны.
— Інісі өлген қалай болады?
— Сол қанаты қайырылғаны.
— Апа-қарындасы өлген қандай болады?
— Өрісі тартылғаны.
— Қатыны өлген қандай болады?
— Аһ, дариға! Қарашашым өлген екен ғой, — деп күңіреніпті де, тұрмыстағы қызына барып, шешесінің өлімін күймен естіртіпті. Қарашашты жоқтап күй тартыпты...
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі