Ел аузындағы аңыздарда «Көк төбет» күйінің шығуы әртүрлі айтылады. Соның бірі, Алтайды мекендеген Зуқа батырдың ауыл маңына бөтен адам бастырмайтын, атты адамның дыбысын күншілік жерден сезетін, құнан өгіздей көк төбеті бар екен. Зуқаға қатты өштескен үкімет Зуқаның мықты жігіттерінің алысқа, жортуылға аттанып кеткенін, жақын мезгілде қайтып оралмайтынын білген соң Зуқаны ұстауға шерік аттандырған. Осы кезде оның көк төбеті үш күн жатпай үрген. Итте тіл жоқ, болмаса ол бір қауіптің болатынын сезген. Ұдайы үш күн, үш түн үрген ит, үшінші күн таңға жақын дауысы қарылып, жағы талып, үні өшкен екен. Дәл осы кезде Зуқа таң намазын оқуға қамданады. Күндіз қарауылдап, қараңғы түсе ауылды қоршап алған шеріктер дәл осы сәтте оның үйіне басып кіреді. Зуқа не мылтық алып атысуға, не қашып шығуға үлгірмей қалады да, тек қолына түскен кереге басында ілулі тұрған кісенмен мықтысынып алдымен кірген екі шерікті ұрып өлтіреді. Бірақ мұздай қаруланған көп шерік оны осы арада атып жібереді. Дайын тұрғандар жалма-жан басын алып, зыта жөнеледі. Осы оқиғадан бұрын да талай рет Зуқаны ұстауға келген әскерлерді көк төбет алдын ала біліп үргеннен кейін, адамдар дайындық көріп, жаудың сазайын тарттырып, өздері аман қалған. Бұл реткі көк төбеттің үш күн үргенін ескермеген Зуқа ауылы арманда қалыпты, осыны ел есіне салған бір күйші «Көк төбет» күйін шерткен екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі