Өлең, жыр, ақындар

Ынтымақтастық мүмкіндігі

Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық қарым-қатынастар бұрыннан бар, ал ҚазҰУ мен Интеграл университетінің өзара тиімді ынтымақтастығының болашағы зор, деді шелдік қонақтарды қабылдаған Ғалым Мұтанов. ҚазҰУ-дің шығыстану факультетінде хинди және урду тілдерін зерделейтін үндітану бөлімі жұмыс істейді. Өткен жылы Махатма Ганди орталығы ашылған. ҚазҰУ-да Үндістаннан келген студенттер оқиды.

«Биыл біздің университет 85 жылдығын атап өтті. Осы іс-шараға қатысқан сіздің университеттің делегациясына алғыс айтқым келеді, – деп атап өтті ҚазҰУ ректоры. – 2020 жылы Шығыстың ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығын кең көлемді тойлау жоспарланып отыр. Айтарлықтай нәрсе, Үндістанның Дели қаласында ұлы ғалым үйі ашылды».

Интеграл университетінің Президенті Сайед Васим Ахтара өз кезегінде университеттер арасындағы достық қарым-қатынастардың маңыздылығын айта келіп, жылы қабылдаулар үшін алғысын білдірді.  

«Ғалым әл-Фарабиді Үндістанда біледі және құрметтейді. КазҰУ біздің елімізде танымал, деді Сайед Васим Ахтара. - Қазақстанда ғылым, технология және менеджмент саласында мамандандырылған көптеген жоғары оқу орындары бар. Бірақ біз білім беруді дамыту, инновациялар мен технологиялар енгізудегі бай тәжірибелеріңізді қабылдау үшін сіздің университетке келіп отырмыз. Егер сіздер қызығушылық танытсаңыздар біз өзіміздің өз тәжірибелерімізбен бөлісуге мүдделіміз. Махатма Ганди орталығын ашқаныңыз үшін біз өте ризамыз. біздің қарым-қатынастың осылайша табысты басталғанына мен қуаныштымын және ынтымақтастық барысында біз ортақ мақсаттарымызға біз жетеміз деп үміттенемін» деді ол.

Сайед Васим Ахтара мырза Махатма Ганди орталығына қолдау және урду тілін оқытуға көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді. Сондай-ақ, «Интеграл» университетінде Қазақ тілі мен мәдениеті орталығын ашуды ұсынды. Ғалым Мұтанов өз кезегінде бұл бастамаға үлкен қызығушылық білдіріп, келешекте медицина және денсаулық сақтау факультетін дамыту ынтымақтастығы мүмкіндігін айтып, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылауды ұсынды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің аға оқытушысы  А.А. Есекеева


Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз