Өлең, жыр, ақындар

Беташар салты

Жаңа түскен келінді «беташар» дәстүрі жасалмай ешкім көре алмайды. Оны көру үшін әдейі «беташар» жасалады. Оған тойға жиналған туыс­туғандар тегіс қатынасады. Жас келіншектің екі жағында ауылдың екі көргенді келіндері тұрады. Мұнда «Беташар» жы­ры айтыла отырып, келінге оның атасы, енесі және басқа туыстары таныстырылып, келін оларға сәлем жасайды. Сәлем жасалған адамдар көрімдік береді. Бет ашатын жігіт әнін желдірте, асқақ әуенмен жыр төгуі керек. «Келін келді көріңіз, көрімдігін беріңіз», — деп бастаған әнші жігіт жас келіннің аталған жақында­рына лайық әзіл­-қалжыңдарын араластыра көрімдік сұрап, жұртты көңілді күлкіге қарық қылады. Бета­шар тойдың басы әрі сәні, жас келіннің жаңа өмірге бет алғанын білдіретін қызықты, салтанатты, ажар­лы дәстүрлердің бірі. Беташардың бір түрі былай болып келеді:

Уа, халайық, бет аштым,
Беташар алып қолыма.
Бақыт қонсын, келінжан,
Бас қоса келген жолыңа.
Жақсы атансаң ауылға,
Желің шығар оңыңа.
Жаман болсаң, келінжан
Абысын түсер соңыңа.
Сабырлы бол, ашусыз,
Ақыл бітпес долыға.
Асың болса елге бер,
Қызғанып жұрттан қорыма.
Ақсақал келсе, әдеппен,
Су құйып бер қолына.
Кіші келсе дүңкимей,
Шырайлы қарсы ал оны да.
Ғарыптарды күте біл,
Қарама оның тонына.
Көршіңмен тату бола біл,
Шөп салма жанның жолына,
Бар болсаң аспа мақтанып,
Сабырмен қара жоғыңа
Өнерпаз бол да өрге бас,
Үлгі боп жастар тобына
Ал айт келін, айт келін
Атыңның басын тарт келін.
Жұмыртқадан ақ келін,
Періштедей пәк келін.
Сауысқаннан сақ келін,
Ата-ананың жолы сол,
Еріңнің көңлін тап, келін
Ел ісіне үлес қос,
Аймағыңа жақ келін.
Ал келіншек, келіншек,
Келіншек болма еріншек.
Үлкендерді көргенде,
Орныңнан тұр келіншек.
Қарсы келсе қарт адам,
Қайқаңдама, келіншек.
Байым жақсы көред деп,
Тайтаңдама, келіншек.
Бірден бірге сөз тасып,
Сыпсыңдама, келіншек,
Жабығынан әр үйдің,
Тың тыңдама келіншек.
Ерте тұр да, шаруа қыл
Келіншек болма еріншек!
Ал ақсақал, ағалар,
Әже, жеңгей, аналар,
Құрбы, құрдас, балалар,
Жас келінді көріңдер,
Көрімдігін беріңдер.
Жақсы тілеу, ақ бата,
Арнаңыздар келінге, ел!
Жақсы келін келіпті,
Оң аяқпен еніпті.
Екі жақта ата­-ана
Ақ батасын беріпті.
Ақыл айтсаң ұғатын,
Әр көңілден шығатын,
Келіндерің көрікті,
Бұл сөзіме сеніңдер.
Ал келінжан, келінжан,
Сіз де бері келіңіз,
Ел ­жұртыңды көріңіз.
Құтты болсын сізге де,
Бас қоса келген жеріңіз.
Нұр жүзіңді аш­тағы,
Осы отырған қауымға,
Иіліп сәлем беріңіз!

Оқуға кеңес береміз:

Жас келіншектерге байланысты салт-дәстүрлер

Беташар


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (7)

Оразкул

Оте керемет беташар туралы куштi малiмет уауууу

Алтынбек Нұржанұлы

Беташар кезінде келіннің жамылғысына,ақ орамалдан сабау ағашқа дейінде бірнеше орамал байланады.сабау ұстау жиенге тиесілі

АЯУЛЫМ

Беташар неше бөлімнен тұрады соны сурайн?

Дилок

Өте керемет

Қуаныш Б

Ойланатын нәрсе

Дархан

куштi малiмет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз