Эссе және өлең-жыр байқауы

Мерейтойға құттықтау

Бүгінгі кештің иесі көпті көрген, қаншама жыл елі үшін елеулі істер атқарған айтулы азамат. "Көп жасағаннан емес көпті көргеннен сұра " дейді дана халқымыз.

... еке, сізді бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймьн! Алла тағала адамға үш рет жастық шақ сыйлайды екен: біріншісі – өз жастық шағында, екіншісі – шын махаббатқа жолыққанда, үшіншісі – 100 жасқа толғанда.

....еке, біріншісінен өттіңіз, екіншісінен де өткен шығарсыз, енді үшіншісі қалды. Құдай сізді сол үшінші "жастық шаққа" да аман-есен жеткізіп, өміріңізді ұзарта берсін! Бала-шағаңыздың, немерелеріңіздің ортасында темірқазықтай қалпыңыздан таймай, өмірдің қызығына кенеліп жүре беріңіз! Той тойға ұлассын!

*** *** *** ***

Бір ғасырдың жартысын жасап міне, мерейтойыңды тойлап отырсың. Уақыт деген зымырап өтіп жатыр. Осы жасқа келгенше тағдыр - жолыңда кездескен қаншама тосқауылға төтеп беріп қашанда жеңіске жете білдің. Мұндай жетістігіңнің де терең себебі бар деп ойлаймыз.

Мынау бізге көршілес жатқан орыс ұлтында "Қарапайым өмір сүрген жан жүз жасайды" деген сөз бар. Осынау қарапайым ойдың астарында мейірімді, жүрегі таза, қиналған сәтте қол үшін беруге дайын тұратын, құдайдан қорқатын қанағатшыл да иманды адам туралы қаншама түсінік жатыр десеңізші!

Аса құрметті......Сен де сондай мадаққа лайық қарапайым өмір сүретін жанның бірісің! Бүгін Саған осындай дастарханың 100 жасқа толғаныңда да кеңінен жайылсын деген тілек арнағым келеді!

*** *** *** ***

Қуанышты еселі етсін Тәңірім,
Қызықты тек өте берсін өмірің.
Шаңырағың толы болып шаттыққа,
Өсіп-өнсін ұрпақтарың-тамырың.

Тілек еттім алғы күннің ажарын,
Сарқылмасын Өмір-өзен, базарың.
Абыройың арта түсіп үнемі,
Хақ-тәңірі көрсетпесін азабын.

Қызық-шаттық жақсылықты көре бер,
Жұртшылықтың алғысын тек тере бер.
Беделің де артсын ылғи ортада,
Еңбегіңмен алда өсіп-өне бер.

Құтты болсын мерейтойың, белесің,
Барлық жаннан мақтау алып келесің.
Аман болып, жасыңа жас қосылсын,
Алла жазса, талай тойды көресің!

*** *** *** ***

Халқымыздың ерлі-зайыпты қадірменді қариялары, ...... ұл мен қыз тәрбиелеп өсірген қамқор әке, аяулы ана, ардақты ата, асыл әжеміздің ғибратты ғұмыры кейінгілерге үлкен өнеге. Шаңырақтың үлгілі ісі, халқымыздың асыл қасиеттерін ардақ тұтқан өнегесі дәріптеуге әбден лайық. Әлде де ортамызда, қызық-қуанышымызды бөлісіп, немере-шөберелеріңді қызықтап, мейірімдеріңе бөлеп жүре беріңдерші!

*** *** *** ***


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...