Мамандар бас ауруын бірнеше тұрпатқа бөледі. Қажу салдарынан бастың ауруы тегінде бас пен мойынның бұлшық еттерінің ұдайы жиырыла беруінің салдарынан болады. Ол ауру бас сүйегіңізді қыспаққа алып, қылқындырып жатқандай қинайды. Сақина (мигрень) ми артерияларының кенет тарылып кетуінен, сонан кейін кеңіп сала беруінен туындайды. Көбіне басыңызды бір жағынан ауыртатын, жүрек лоблытатын, тым жарық болуынан, қатты дыбыстан шошындыратын сырқат лүпіл қаққандай болып көрінеді. Кластерлік бас ауру бәрінен азап. Ол ұзаққа созылып, ара тұра ұзақ уақыт бәсеңдейді. Соны арандатушы — ішімдік, темекі.
— Бас бармақ пен сұқ саусақ арасындағы теріні қатты басып тұрып, айналдыра массаж жасаңыз. Ауру доғарылғанша бір қолдан екінші қолға көшіп тұрыңыз.
— Басыңыз ауырғанда, аяғыңызды ыстық суға (күйіп қалмасын) батырыңыз. Қанды аяққа тартып, мұндай ванна бас артерияларындағы қысымды кемітеді. Бас тым қатты ауырса, ыстық суға қыша ұнтағын қосыңыз.
— Қатты қажудан бас ауырса маңдайыңызға не мойынның арт жағына ыстық компресс қойыңыз. Оның жылуы қажыған бұлшық етті жұмсартады.
— Алдыңғы кеңеске қарама-қарсы дерлік тағы бір кеңес. Ыстық компрестен маңдайыңыз жылыған соң, соның орнына салқын компресс қоюға да болады. Бұл үшін мұз кесектерін орамалмен орайсыз не мұздатылған көкөніс салынған дорбашықты пайдаланасыз. Қан тамырларын тарылтады.
— Салқын компресс орнына қолыңызды мұздай суға батырып, жұдырығыңызды ашып, жұмып тұрыңыз. Тым кеңіп кеткен қан тамыры тарылады.
— Бір шыныаяқ ащы кофе ішіңіз. Кофеин қан тамырларын тарылтып, бас ауруын кемітеді.
— Бас ауырғанда маңдайыңыз бен желкеңізді қоса шүберекпен қатты байлап тастаңыз. Кеңіп кеткен тамырға қанның келуін азайтасыз.
— Кейбір эфир майлары, әсіресе лаванда майы қажуды, соған байланысты бас ауруын жеңілдетеді. Оны шекеңізге, маңдайыңызға жайлап жағып, шалқаңыздан жатыңыз да, иіске елтіңіз. Қараңғы, тыныш, салқын бөлмеде жатсаңыз тіпті дұрыс.
— Жалбыз майын да пайдалануға болады. Орамалыңызға бірнеше тамшысын тамызып, бірнеше рет жақсылап иіскеңіз.
— Жалбыз шайы салынған қалташықтың ылғалды екеуін судан арылтып, жабылған көзіңізге не маңдайыңызға қойыңыз.
— Бас ауруын жазуға әдетте зімбір (имбирь) пайдаланылады. Оның тамыр жемісін ұнтақтап, бір стақан суға бөкпен жасаңыз да, ішіп қойыңыз.
Халық емі: Бас ауруы, себептері мен емі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Гулмира
Меның басым коп аурады
Роза
Басым жии ауырады