Өлең, жыр, ақындар

Драма театры тарихы

Қазақстандағы байырғы театрлардың бірі – Маамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық драма театры. Ірге тасы 1938 жылы қаланған. Оның құрамына сол жылы Петропавл , 1948 жылы Орал театрының труппалары келіп қосылды. Театрдың шымылдығы М.Әуезовтің «Түнгі сарын» қойылымымен ашылып, кейін ұлы жазушының «Абай», «Қаракөз», «Еңлік-Кебек», « Айман-Шолпан», Шекспирдің «Асауға-тұсау» пьесалары қойылды. Ұлттық драматургиядан Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» Б.Майлинмен бірігіп жазған «Амангелді» С.Мұқановтың «Ботагөз», Т.Ахтановтің «Күтпеген кездесу» Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтың «Беу қыздар-ай!» Ш.Айтматовтың повесі негізінде «Ана-Жер ана» С.Адамбердивтің «Біздің үйдің жұлдыздары» т.б пьесалар театр репертуарынан  берік орын алған. 1957 ж «Театр көктемі» бақауынан Алматы қатысып, лауреат атанды. Мысырдағы Халықаралық фестивлальге қатысты. А.Ахметова, Ж.Манапова, З.Сұлейменова, К.Иманғалиева т.б аға буын өкілдері театрдың қалыптасуына мол еңбек сіңірді. Театра әр жылдары Ш.Гатаули, Сусанов-Саянский, А.Есенбаев, Ш.Зұлқашев режисерлық қызмет атқарды. Реті келгенде айта кетейік, көркем тілді, өткір қиял иесі, ізденгіш қаламгер Р.Отарбаевтың да драма өнеріне деген сүйіспеншілігі осы театрда оянған. Ш.Зұлқашев қойылған «Сұлтан Бейбарыс»- соның айғағы.Ә,Кекілбайдың қаламынана туған «Аңыздың ақыры» да Р.Отарбаев инсценировкасы негізінде сахна көрді.

Авторы: Насихатова Асылай


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз