Өлең, жыр, ақындар

Мен – қазіргі заман педагогімін

«Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады» - деп, Абай атамыз айтқан екен. Мағанда бала кезімнен, мыңдаған жасөспірім қыздарға ұнағандай, мұғалім болу ұнайтын. Әрқашанда менде білімге деген құштарлық зор болып, тиісті деңгейде оны алғанда, меннен бақыттты адам болмайтын. Ол  қуанышыммен құрбы-құрдастарыммен мәз-мейрам боп бөлісетінмін. 

Кез келген  мамандық  ықыластан  басталады. Ұстаз  бәрінен  бұрын  баланы  жақсы  көру  керек. Ол  деген  не? Ол – баламен әңгіме құру  өте қызықты, оның ойы ақылсыз  және қызықсыз боп  көрінбейді, олардың  істері  шыңындада сізді  аландатады, ал  біріккен  ойындар  сізге де, балаға да  рахат  әкеледі. Белгілі міңез  құлықтары  бар  «кішкентай  адамдармен»  санаса  отырып,  естен шығармауымыз  керек, олардың білімімен  өмірлік  тәжірибесі  аз  екенін. Алайда, осы аз білім, өмірлік  аз  тәжірибе  ұстазға  баладан сәл алда  болуға  және де  өз артынан іліктіруге  құқық  береді.

Осыдан ұстазға деген екінші  талап  қойылады. Ол – кәсібилік. Біріншісі – сатылмайтын, үйретуге  болмайтын балаға  деген  махаббат  жоғарыдан  берілсе, онда  кәсібилік – дағдылану  қасиеті.  Оған  қомақты  білім, оқу  әдістеріннің  көптүрлігі  және  де  білімді жеткізу  жолдары. Егерде ұстазда осындай  қасиеттер  болса, онда  ол  болашақ  маманның іргетасын қалайды  және  де  жақсы  ұстаз  болады.

Бүгінгі  заманда  көптеген  балалар  мектепке  оқымысты  болып  келеді. Баланы мектепке  жүгіріп  келетіндей  қалай  қызықтырамын? Бүгінгі  таңда  осы  сұраққа  көп  ойланамын. Мектепке  келгенде  бала  оқи  білмесе  де,  компьютерді  керемет  біледі. Ал  егерде  ол  баланың  алдында  мен компьютер  туралы  ештене  білмесем, ол  мені  қалай  қабылдайды  екен?. Абыройдан  жұрдай  болатыныма  сенімдімін. Сондықтан, кез  келген  сабақта  дидактикалық  материалдармен  қоса  интернет  желісін  пайдаланамын, қызығушылығын  оятуға  бар  ынтамды  саламын, сонда  ғана  менің  алдымда  отырған  баланың  көздері  оттай  жанып  отырады. Сабақты  дайындау  үшін  ұзақ  отырамын. Жақсы  ауаның  қалыптастыру  үшін   әр  түрлі  әдістерді  қолдана  отырып,  жұмысты  аяқтаған  соң  бір  қанағаттандырылық  сезімі  бойымды  басып  алады. Ал  ертеңгі  сабақта назарларын, логикалық  ойлау  қабілеттерін, көрнекі  жадыларын  дамытатын  жаңа  материал түсінікті  болатынына  қаншама  үміт  артамын. Оқушылар  бір бірілерінің  қателіктерін  іздей  отырып, диалогке  түсу  арқылы,  ынтамақтастықта  жұмыс  істейді.

Баланы сабақта таң  қалдырып  отырып, жаңған  көзерін  көріп, олардың кез келген  тау-тасты  қопаруға  дайын  екенін  сеземін. Аристотель  кезінде «ойлау таңырқаудан  басталады» деп айтқаны  бос сөз емес екен.

Менің мақсaтым баланы  ынтасын  жоғалтпау, оқуға үйрету. Замануи  ұстаз  болу  үшін  мен  өзіме және  өз  күшіме  сенімді  болуым  керек.

Ұстаз қaндай көңі күйі  болмаса да, міндетті  түрде сабырлы  және  ұстамды, актер шеберлігі, поезді  жүргізетін  машинист  секілді  болғанда  ғана, оның еңбегі далада  бос  қалмай, біраз  уақыттан  соң  өзінің  шексіз  жемісін  береді  деп  ойлаймын. Өзінің  мысалымен , балаға  деген махабаттымен  ұстаз  оқушыны  жұлдыздарға  жетелей  алады. Кімде  кім  осындай  ниет  бар, сол заманауи  ұстаз  деген  атаққа  ие.

Мемлекеттегі және қоғамдағы  өзгерістер  заманауи  ұстазға  өзінің  талaптарын  қояды. Мен  бүгінгі  таңда  тек  ғана  оқушыларымды  оқытып ғана  қоймай,  өзімнің  білім  желмаясында  толықтырып  отырамын. Күнделікті өмірде  өзімді  кемелдендіріп,   сын  қараушылықпен  қaрап, эрудициямды дамыта отырып, еңбектің  жоғары  мәдениетін  қалыпптастыруға тырысамын. Бір  орында  тұрып  қалу  менің  қолымнан келмейді. Білімге  деген  тойымсыздық  бойымды  жаулап  алған, ұстаз  боп  жұмыс  жасасамда  замануи  әндерді  тыңдап, әлемдік  мәдениеттермен танысып, әр 3  сағат  сайын  әлемдік  саясатта  не  болып  жатқанын  қадaғалап  отырып, өзімше  саралаймын. Ондай  істерге  еш  жалықпаймын. Ал  егерде  бір  күнде  еш  бір  жаңалық ашпасам,  өзімді  сауатсыз  адам  деп  жазғырамын.

Заманaуи  мұғaлім  менің  ойымшa, өзі тұлға  бола  тұра,  басқа  тұлғаны  тәрбиелейді. Шыңайлық, парасаттылық, бипаз, жауапкершілік, жайдарлық, еңбекқорлық, мақсатқа  талпынушылық, жігерлілік, өз өзіне  құрмет, абырой деген  кереметқасиеттер  мен  бірге  балаға  деген  махаббат,  баланың  махаббаты  көп  болу  керек. Менің  түсінгенім,  кешегі  күнмен  бүгін   сабақ  беретін  болсам,  мен  Оқушының  ертеңін  жоғалтамын!

Есмакаева Гульмира Болатовна


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз