Өлең, жыр, ақындар

«Жаңашыл мұғалім-2020» байқауы

2019 жылы 11 желтоқсанда «Bilim Media Group» компаниясының ұйымдастыруымен шығармашыл әрі жаңашыл ұстаздарға арналған республикалық «Жаңашыл мұғалім-2020» байқауы басталды. Байқаудың мақсаты — білім беру саласында АКТ-ны дамытып, қолданысқа енгізіп жүрген педагогтерге қолдау көрсету және олардың әлеуметтік және кәсіби беделін арттыру.

Осымен алтыншы мәрте өткізіліп отырған байқауға еліміздің барлық аймағындағы мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім беру мекемелерінің (орта мектеп, гимназия, лицей, колледж, сәбилер балабақшасы, балабақша орталықтары, шағын орталықтар) оқытушылары мен тәрбиешілері қатыса алады. Байқауға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жіберілген жұмыстар қабылданады.

Байқау жұмыстарына қойылатын басты талап — білім беру мен тәрбиелеуде АКТ-ны, BilimLand ресурстарын ұтымды қолдана білу. Сондай-ақ жұмыстардың өзектілігі, мазмұндылығы, нәтижелілігі мен көрнекілігі және жұмыс сапасының көркемдік әрі техникалық тұрғыдағы жоғары болуына мән беріледі.

Екі кезеңнен тұратын байқау келесі аталымдар бойынша өтеді:

1. Сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

2. Тәрбие сағатындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

3. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындықта қолдану;

4. Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

5. Мектепке дейінгі білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Бұған дейін байқау төрт аталым бойынша өтіп келген. Биылғы жылы балабақша тәрбиешілерінің АКТ құзіреттілігін арттыру мақсатында «Мектепке дейінгі білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» деп аталатын жаңа аталым қосылды.

Байқауға жіберілген жұмыстарға тәжірибелі педагог-әдіскерлер мен Bilim Media Group компаниясының басшылығынан құралған тәуелсіз сараптамалық комиссия баға береді.

Байқаудың жүлде қоры — 2 500 000 теңге.

Жеңімпаздар оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиында ресми түрде дипломдармен марапатталады, сондай-ақ олардың аты-жөндері bilimland.kz сайтындағы арнайы блогта жарияланатын болады. Ал байқау туралы толық ақпаратты bilimland.kz сайтынан және әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан (vk, facebook, instagram) оқи аласыздар.

Bilimland.kz білім беру платформасын белсенді пайдаланатын білім және тәрбие беру мекемелерінің барша қызметкерін «Жаңашыл мұғалім-2020» байқауына қатысуға шақырамыз!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (4)

ainurbaiten

Осы тақырыпта әңггімелеу керек па?

Жанар

Толық шартын таба алмай жатырмын нақты бәрін жазыңызшы

Айдана

bilimland та ма?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар