Өлең, жыр, ақындар

Тәрбиесі қиын балалардың ерекшеліктері және оларды қайта тәрбиелеу жолдары

Жансерік Раулана
ИЯК 17-01 3 курс
Жетекшісі А.Б.Толемисовна

Аннотация:

Трудные дети: что стоит за этим всем известным и давно привычным термином?

Я хочу обратить свое внимание на ту часть трудных детей, чье поведение принято называть девиантным, то есть не принятым в обществе.

Данная статья состоит из двух основных разделов. В первом из них я раскрываю основную проблему – появление трудных детей. Во втором разделе указываются способы решения этой проблемы – воспитание и перевоспитание трудных детей.

Ключевые слова: перевоспитание, педагоги, подростки, родители, психология.

Annotation:

Difficult child: what is behind this well-known and long-familiar term?

I want to turn my attention to the part of difficult children whose behavior is called deviant, that is, not accepted in society. The article consists of two main sections. In the first of them I reveal the main problem-the emergence of difficult children. The second section identifies ways to solve this problem-the education and re-education of difficult children.

Key words: reeducation, educators, teenagers, parents, psychology.

Бірінші рет "қиын балалар" ұғымы соғысқа дейінгі уақытта пайда болып бірден кеңінен таралған. Бірақ ол алғашында ғылымда емес, қарапайым өмірде ғана қолданылған болатын. Бір кезеңдерде бұл ұғым жоғалып кетті, алайда 50- 60 жылдары қоғамға қайта оралды. Бұл термин дұрыс аталған ба? Кейбір ғалымдардың ойынша бұл балаларды қорлау болып саналады, әсіресе өзгелердің баланың өзіне немесе оның ата-аналарына деген көзқарастарын өзгертеді. Сондықтан қазіргі заманғы психология мен педагогика "қиын балалар" деген сөздерді "қауіп тобындағы балалар", "педагогикалық қараусыз қалған балалар", "қоғамда қараусыз қалған балалар" деген атаулармен алмастырады.  [1]. Әрбір адам өзіндік дамуының белгілі бір кезеңінде ішкі жас дағдарысын еңсеруге мәжбүр екендігін ескеретін болсақ, онда кез- келген баланы белгілі бір кезде қиын  балалар санатына жатқызуға болады.                                                                        

Мұндай терминді шетелдік психологияда да кездестіруге болады, бір ерекшелігі онда ол "проблемалары бар оқушылар"деген атаумен алмастырылған.

Алайда ғалымдар бұл санаттағы балаларды қалай атаса да, біздің ортамызда саны толастамайды, керісінше жыл санап көбейу үстінде.

"Қиын" сөзінің мағынасы өте кең ауқымда қаралады. Олардың қатарына педагогтармен жұмыс жасауы қиындық туғызатын немесе айтқан ақылды қабылдамайтын, тіпті ата- аналарымен де ортақ тіл табыса алмайтын балалар мен жасөспірімдерді жатқызамыз.

Қазіргі кезде педагогикалық жақтан қараусыз қалған немесе жалпақ тілмен айтқанда тәрбиесіз жасөспірімдерді қолға алу маңызды болып отыр. Өйткені дәл осы жас кезеңдерінде баланың жеке тұлғалық үйлесімді дамуы қалыптасады. Ал ол өз кезегінде мейірім, адалдық, еңбекқорлық, қайырымдылық, түсініспеншілік, тәртіп, ұжымшылдық секілді қасиеттердің дамуына ықпал етеді.

Сонымен, тәрбиесі қиын балалар қандай жағдайда пайда болады?

Дәстүрлі себептер тәртібі қоғамдық нормаға сай келмейтін балаларды өз ара екі топқа бөліп қарастырады:

1. Психологиялық және психо- фзиологиялық тұрғыдан бұзылу себептері;

2. Сыртқы орталық және психологиялық сипатты себептері. [2].

Өмірдің қай кезеңінде "қиындық" белгілері қалыптасады? Балалардың мінез-құлықының ауытқуы ерте балалық шағында қалыптасады. Бұл кезең бала өміріндегі маңызды уақыт болып саналады. Антон Семенович Макаренко "баланың тұлғасы 5 жасқа дейін қалыптасады, ал 5 жастан кейін баланы қайта тәрбиелеу қиын" деп атап өткен болатын. Психолог Леонид Михайлович Зюбин, "тәрбиелеуге қиын балалалардың белгілері қанша жастан көрінуі мүмкін?” деген сұраққа: "Ол тәрбиелік ықпалға ұшырай бастаған сәттен бастап, дәлірек айтқанда, өзінің тәрбиелік ықпалға ұшырағанын түсінген сәттен бастап", деп жауап берген. [3].

Шындығында, бала тәрбиесі оның ұрық түріндегі күйінде яғни, туылмас бұрын басталады. Оның ең алғашқы оқытушысы болып ата-анасы, одан кейін бала-бақшадағы қараушысы, тек солардан кейін барып мектептегі ұстазы болады. Бірақ өкінішке орай олардың әрқайсысы жеке немесе бәрі бірге көп қателіктер жібереді. Ал бала бір орында тұрмайды, әрқашан даму үстінде алға жүреді. Үш жасынан бастап балада өзіндік тәртіп туралы ереже және нормативті әрекет қалыптаса бастайды. Қарапайым үлгі алу арқылы өз ата- анасынан ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін үйренеді. Үшжасар бала өз бетімен жағдайды сынай немесе сипаттай алмайды себебі, ата- анасы оның бірден-бір үлгі тұтар тұлғасы және беделі. Міне дәл осы тәлім- тәрбие баланың алдағы қылықтарына, сабағына, басқа балалармен ойынына және тағы да басқа іс әрекеттеріне деген кері тәрбиесіно қалыптастыруы мүмкін.

Онымен қоймай бұл балалар қабілетсіз мектеп алды және мектеп мұғалімдерінің салдарынан сәтсіздікке ұшырамайтындығына ешкім кепілдік бермейді. Солайша жасөспірімдік кезеңге толмай тұрып қоғамның негативті ықпалына ұшырайды. Ал бұл себептері бәрі педагогикалық жаққа тән болғандықтан, ең әуелі педагогикалық қараусыздықты дәлейдейді. 

Тәрбие үрдісі қайта тәрбиелеу процесі сияқты ең алдымен, жасөспірімнің жеке- психологиялық қасиеттерін ескере отырып, оның нақты жағдайларын ескере отырып құрылуы тиіс. Баланың әлеуметтік өзгерістеріне педагогтары, ата-аналары, басқа да балалармен қарым-қатынас сипаты да әсер етеді. Мұнда педагогикалық құралдарды дұрыс таңдау маңызды, ол балаға өзін-өзі жетілдіруге және әлеуметтік тәжірибені тануға көмектеседі.

Қиын балалармен тәрбие-профилактикалық жұмыс жүйесі ең алдымен:

1. балаларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін мамандардың кешенді топтарын құру (әлеуметтік педагогтар, психологтар, медиктер және тағы да басқалары);

2. балалар мен жасөспірімдердің отбасындағы, жұмыс, оқу орны бойынша өзінің жақын ортасымен қарым-қатынасын үйлестіруге мүмкіндік беретін тәрбиелеу ортасын құру;

3. балалар мен жасөспірімдерге байланысты проблемаларды шешуге, ата-аналарды оқытатын әртүрлі бейіндегі мамандардан тұратын қолдау топтарын құру;

4. ақпараттық-ағартушылық жұмыс жасау; сияқты жұмыстардан тұруы қажет. [4].

Түзету іс-шаралары бағдарламасында ата-аналарға және педагогтерге,  жасөспірімдердің жыныстық-жас ерекшеліктерін, жеке-психологиялық ерекшеліктерін жақсы түсінуге мүмкіндік беретін кеңес беру ерекше орын алады. Ескеретін жайт, ата- аналары өз балаларының қандай қасиеттерін дамытып немесе қандай кемшіліктерін түзету керек екеніне көңіл бөлген жөн. Мұндағы мақсат ата-аналарға өз балаларының бойындағы өзгертуге келмейтін қасиеттер болса, оны өзгертуге емес жақсыны- жаманнан айырта білуге үйрету қажет.

Қиын жасөспірімдердің ата-аналарына келесі ұсыныстарды ұсынғым келеді. 

— "Қиын" баланың проблемасына, ең алдымен баланың қиындықтарын түсіну тұрғысынан қараңыз.

— Бала қандай да бір дәрежеде біздің көрініс екенін ұмытпаңыз. Оның қиындықтарының себептерін түсіндірмей, оларды жоймай, біз балаға көмектесе алмаймыз.

— Балаңыздың мәселелерін көру үшін, өзіңізді оның орнына қойыңыз.

— Тәрбиедегі қиындықтарға философиялық тұрғыдан қараңыз. Олар әрқашан орынды.  "Тәрбиесі жеңіл" балалар бар деп ойлауға болмайды.  Бала тәрбиесі - әрқашан қиын, тіпті ең оңтайлы жағдайлар мен мүмкіндіктердің өзінде.

— Үрей мен фатализмнен сақтаныңыз. Олар тәрбиедегі жаман серіктер. Қандай да бір жаман қылыққа байланысты балаңызды нашар бағаламаңыз.

— Ең бастысы, оптимисті болыңыз!

Ресурстар мен әдебиеттер:

1. https://www.kazedu.kz/referat/128827
2. https://pedagogicheskaya.academic.ru/
3. https://medaboutme.ru/
4. https://mirznanii.com/a/199949/trudnye-deti-kto-oni-prichiny-poyavleniya


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар