Алматы қаласы
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі
Тохтамова Наргиза Ерлановна
Ғылыми жетекші: Ташиева Эльвира Айтжанқызы
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында.
Н.Ә.Назарбаев.
Ұстаз — ақылдың тозбайтұғын асылы. Осы тақырыпты алғаннан соң көп ойландым. Басымда «Алдымда тырған әр үйдің жалғызы, еркесі болар. Ал мен әр бірінің көңілін тауып, бүгінгі сабақта қандай көңіл-күйде отырғанын, одан қалса зейіні мен қабылдауы әр түрлі балаларға сабақты қалай түсіндіремін?» деген ойлар мазалады. Шындығында, мұғалім — барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, асыл жандар. «Мұғалім мамандығы — барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деп К.Д .Ушинский айтқандай жаңа форматта сабақ беруге көшуіміз керек. Оны жүзеге асырудың бір жолы ол интербелсенді әдістерді сабаққа қолдану.
Қазіргі уақытта оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн, қарым-қатынасқа жағдай жасайтын жаңа тәсілдер и н т е р б е л с е н д i деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар. Интербелсенді — ағылшынның «өзара әрекет” деген сөзі. Интербелсенді оқу/оқытуға келсек — әрекет көмегімен және әрекет арқылы, яғни әрекет жасай отырып үйрену/үйрету.
Бұл әдіс — “бірлесе үйрену немесе бірлескен әрекеттер” идеясын басты назарда ұстайды. Яғни: топтық жұмыс және жұптық жұмыс арқылы іске асады.
Оқудың интербелсенді әдістерінің артықшылығы:
— оқушылардың қызығушылығын туғызады;
— әрқайсысының оқу үрдісіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
— әрбір оқушының сезіміне назар аударады;
— оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
— оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;
— кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;
— оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
— өмірлік машықтарды қалыптастырады;
— мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.
Интербелсенді әдістерді тиімді пайдалану үшін мұғалім өз жұмысын жан-жақты жоспарлауы тиіс:
— бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, олардың иетербелсенді әдістемелермен жұмыс тәжірибесіне сәйкес келетін тәсілдерді пайдалану;
— оқушылар үшін тақырыпты игерудің «кілті» болатын интербелсенді жаттығуларды іріктеу;
— әрбір оқушының жұмыс қарқынын және оның қабілеттерін есепке алу;
— бір сабақта интербелсенді әдістердің бір-екеуін қолдану.
Интербелсенді әдістерге мыналар жатады: проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, пікірталастар, топпен жұмыс, «миға шабуыл» әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, «инсерт» әдісі, сахналау, тест сынағы әдісі, дебат, т.б.Мысал ретінде алып қарастыратын болсақ:
«Ыстық орындық» әдісі.
Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.
«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі
Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.
Рөлдік ойын
Рөльдік ойындар — тиімді интербелсенді әдістердің бірі. Адам жадында бірінші мезетте өзінің жасағаны мен бастан кешкен әсерлері қалады. Ал рөльдік ойындар оқушылардың өздерін басқа адамдардың орнына қойып, мәселе немесе проблеманың солардың тұрғысынан қарастырып, шешімді өз « қолдарымен » жасауды меңзейді.
ЖИГСО әдісі
Оқушылардың 4-5 топқа бөлеміз. Тақырыпты, (мақаланы) топтың санына қарай, мазмұнына қарай бөліп береміз. 1,2,3,4,5,- әрбір топ өкілдері берілген бөліктерді оқиды. Топтағы оқушылар өзара пікір алмасады, ортақ тапсырма жасайды. Әр топ өз лидерін тақтаға шығарады. Ол оқушы оқыған білгенінің мазмұнын түсіндіреді
“Сиқырлы айна” әдісі
Бұл әдісті сабақ соңында алуға болады. Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау мақсатында, сергіту сәтіне алуға болады. Оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірлеріне қарап сұрақтар қояды, қарсы тұрған оқушы сол сұраққа жаап беруі тиіс. Орындарымен алмасып отырады.
Интербелсенді әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды яғни ақпараттық қорларды пайдалану: интербелсенді тақта, бейне материалдар, слайдтар, флипчартттар, компьютерлер бейне фильмдер мен бейне сюжеттерді қарап шығып талқылау, әртүрлі науқандар мен акцияларды пайдалана отырып, таныстырулар жатады.
Интербелсенді әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:
— тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;
— тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;
— педагогикалық қолдау көрсету.
«Егер біз бүгін балаларымызды кешегідегідей оқытатын болсақ, онда біз оның ертеңін ұрлаймыз» Джон Дьюид айтқандай, қазіргі уақытта оқу сабақтары барысында оқытудың интербелсенді әдістерін және интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.Сондықтан оқу тәрбие үдерісінде үнемі жаңа оқыту құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, оған білім алушыларымызды үйрету — әр педагогтың басты міндеті.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Нағымжанова Қ.М. Бастауыш білім берудегі жаңа технологиялар: Оқу құралы - Өскемен, 2005
2. Сарбасова Қ. Инновациялық педагогикалық технологиялар- Алматы, 2006.
3. Мұхаметжанова С.Т., Жартынова Ж.Ә. Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері.Алматы, 2008
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Ұлжан
Жарады