Өлең, жыр, ақындар

Халықаралық вебинар «Құзыреттілікке негізделген тәсілдеме: заманауи IT-мамандарды даярлау»

2020 жылғы 27 сәуірінде «Отандық білім беруді модернизациялау жағдайында көптілді ІТ маманының құзіретті инновациялық моделін әзірлеу және енгізу» гранттық жобасы аясында «Құзыреттілікке негізделген тәсілдеме: заманауи IT-мамандарды даярлау» халықаралық вебинары өтті. Жобаның ғылыми жетекшісі IT білім беру және Сандық түрлендіру бойынша сарапшы, PhD Қанат Қожахмет, жобаның тең авторы және атқарушы директоры – қауым. профессор, PhD Рахима Жумалиева.

Өткен вебинар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын және «Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыруға бағытталған. Вебинарды ұйымдастырудың мақсаты - заманауи құзыреттілікке негізделген тәсілдеме тұрғысынан IT-мамандарды оқытуды талқылау.

Вебинарға отандық және шетелдік университеттердің әкімшілік қызметкерлері, оқытушылары, докторанттары, магистранттары, студенттері қатысты.

Вебинар қатысушыларына арналған сәлемдесу сөздерімен Сүлейман Демирел атындағы Университетінің (Қазақстан) Ғылым департаментінің директоры PhD Ширали Кадыров вебинарды бастады.

PhD Қожахмет Қ.Т. кіріспе сөз айтып, жаһанданған және серпінді дамып жатқан әлемде цифрлық технологиялар тез таралуын, экономика, еңбек нарығы және жалпы қоғам бұрын-соңды болмаған қарқынмен өзгеріп жатқанын атап өтті. Қанат Темірғалиұлы қазіргі заманда IT-құзыреттілікке ие болу қажеттілік болуының себебі ақпараттық технологиялар барлық салаларда қолданылатыны туралы айтты. Жаһандану мен цифрландыру дәуірінде IT-мамандарды даярлауда үлкен өзгерістер орын алумен қатар жаңа педагогикалық технологиялар мен бағдарламалар пайда болуыны атап кеткен жөн.

Білім беру инновациялары және SMART оқыту орталығының директоры (ХАТУ, Қазақстан), п.ғ.д., т.ғ.к. Шарипов Б.Ж. «SMART білім беру» тақырыбында баяндама жасады. Бақыт Жапарұлы өз сөзінде ақпараттық технологиялар дамуының жоғары оқу орындарындағы білім беру мазмұны мен сапасына әсерін дәлелдеді. Сонымен қатар спикер ХАТУ-да SMART білімін енгізу тәжірибесі туралы айтты.

«Болашақ» университетінің ректоры (Қызылорда, Қазақстан), қауым. профессор, т.ғ.к. Дәуренбеков Қ.Қ. «Болашақ университетінде цифрландыру және киберқауіпсіздік мәселелері мен даму перспективалары» атты баяндамасында аймақтық университетте IT-кадрларды даярлауды ұйымдастыру туралы айтты. Қуаныш Қойшығұлұлы сонымен қатар университеттің аймақтағы IT саласын дамытудағы рөлі туралы кеңінен айтып берді.

Қауым. профессор м.а. Остаева А.Б. (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Қазақстан) «Веб-технологиялар» тақырыбында мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес IT-мамандарды даярлау мәселелерін талқылады. Айымхан Батырханқызы динамикалық Интернет-технологиялар және веб-сайттар мен қосымшаларды жасау технологияларына талдау жасады.

Профессор, PhD Алипова Б.Н. (ХАТУ, Қазақстан / Кентукки университеті, АҚШ) Интернеттегі авторлық құқықты қорғаудың өзектілігін қарастыратын «IT саласындағы зияткерлік меншік» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, Бақыт Нұрашқызы виртуалды кеңістікте авторлық құқықты тіркеуге қатысты көптеген даулы мәселелерді талдады.

Аға оқутышы Гайбылдаев Ж.К. (ХҚУ, Қырғызстан) «Ғылыми зерттеулердегі жаңа ақпараттық технологиялардың рөлі» тақырыбындағы баяндамасында заманауи ақпараттық технологияларды қолдану кезінде қажетті құзыреттіліктер жүйесін құрудың маңыздылығы талданады. Жаныбек Кәрімұлы IT-құзіреттіліктерді ғылыми зерттеулерде пайдалану қажеттілігін атап өтті.

Аға оқутышы Махамбаева И.У. (Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Қазақстан) өзінің «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері» атты презентациясында ақпараттың жекелеген түрлерінің құпиялығын сақтаудың кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі ретінде ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін қарастырды. Индира Өтепбергенқызы бұл мәселе компьютерлік вирустар санының көбеюі мен әртүрлі ақпараттық жүйелердің мәліметтер базасына араласуымен байланысты екенін атап өтті.

Т.ғ.к., ассистент-профессор Тулемисова Г.Е. (СДУ, Қазақстан) «IT-менеджерінің құзыреттіліктері: қалыптасу мен даму» атты баяндамасында СДУ-дегі IT-инфрақұрылым курсын оқытуда Chief Digital Officer лауазымына IT-мамандарды даярлау әдістемесін ұсынды. Гүлфарида Ертайқызы бизнесті басқарудың «жұмсақ дағдыларын» дамыту қажеттілігін де атап өтті.

Пәнаралық зерттеулер орталығының бас ғылыми қызметкері, қауым. профессор, PhD Жумалиева Р.З. вебинардың баяндамашыларына мен қатысушыларына алғыс білдірді. Рахима Зайдулловна жаһандық цифрландыру дәуіріндегі заманауи IT-мамандарды даярлаудағы құзіреттілікке негізделген көзқарастар идеяларын дамытуға вебинардың қосқан үлесі туралы атап өтті.

Вебинар іскерлік және сындарлы сипатта өтті, қатысушылар мен спикерлер қазіргі заманғы IT мамандарын даярлау туралы пікір алмасты, қазақстандық білім берудің өзекті мәселелері талқыланды.

Вебинар материалдарына қол жеткізу үшін сілтеме: https://drive.google.com/open?id=1gs4kgPeHW1dLN9EQLnnH6eRcZSO35OS5

Қауымдастырылған профессор, PhD Жумалиева Р.З.

Пәнаралық зерттеулер орталығы, СДУ


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер