Жаңа жылға бата — Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміндегі материал.
Материал — бата, тілек, жаңа жыл, құттықтау — осы тақырыптарға байланысты.
— Уа, жаратқан құдірет! Жаңа жылда барлық ауыртпалық, қыстамшылық- қиындық өткен жылмен кетіп, жаңа жылда елімізге, әр от басына тыныштық, бейбітшілік бере гөр!
— Қайран Қазақстанымызды бәле-жаладан, зіл-заладан, қайғы-қасіреттен сақтай гөр!
— Иә, құдай! Еліміздің тәуелсіздігі, еркіндігі баянды болып, халқымыздың бірлігі, татулығы, бауырмалдығы арта түссін, «еңбек — еш, тұз — сор» болғаннан сақтасын.
— Еңбекке ынта-жігер таси берсін!
— Жаратқан құдірет! Ел басшыларына ағыл-тегіл ақыл, имандылық пен рахым бергей!
— Әкімдеріміз нысапты, адал да әділ болсын, оларға биік өріс, нарықты парасат бере гөр!
— Елімізге молшылық, тойымдық, береке берсін.
— Жалқаулар, еріншектер мен араққұмарлар арамыздан арылсын.
— Намысты, батыр да батыл азаматтар ортамызда көп болсын.
— Елімізде әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүріміз өркен жая берсін!
— Халқымыз ізгілік нұрына бөленіп, отбасыларымыздың әрдайым береке арылмасын!
Шерхан Мұртаза
Бұл бетте Жаңа жылға бата тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Жаңа жылға бата материалы Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі