Өлең, жыр, ақындар

Латын әліпбиіне көшу - тіліміз үшін жасалған қадам

Қазақстанның  мемлекеттік  тілі –қазақ  тілі. Тұңғыш Призидентіміз Нұрсұлтан Назарбаев  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көші­ру­дің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өткен болатын.Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мәселені жан-жақты талқылау мақсатында республика көлемінде әрбір мекеме, ұйымдарда іс-шаралар ұйымдастырылуда. Осы  орайда біздің мектебімізде де  да бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірімізді ортаға салуға арналған  «Латын  әліпбиіне  көшу  -  тіліміз  үшін  жасалған қадам» тақырыбындағы білгірлер мен тапқырлар интеллектуалды ойыны өтті. Білім  алушылар    интеллектуалды ойын  барысында   алты  кезеңнен  тұратын  әр  тапсырманы орындай  отырып  латын  әліпбиі, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат алды.

Латын тілі – ғылым мен техниканың тілі. Латын әліпбиіне көшу – заман талабынан туындап отырған қажеттілік.Ғалымдарымыздың еңбегін бағалап, ел болашағы үшін қабылданғалы отырған маңызды шешімге қолдау білдіру, жақсыны үйренбекке ұмтылу – жүрегі «елім» деп соққан әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті деп түсінемін.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз