Эссе және өлең-жыр байқауы

Сыныптан тыс көркем шығармаларды оқыту

Қазіргі  жаңару  мен  жаһандану,  өсу  мен  өрбу ,  даму  мен  ілгерілеу  заманында ,  ақпараттар  мен   техниканың   қарыштап  дамыған  заманында  көркем әдебиетті  оқыту   түгілі   түсіндірудің  өзі  бос    әурешілік  пе деп  қаласың. Өйткені  ел    экономикасы  қарыштап  дамыған  компютерлік заманда  саналы  ұрпақ    интернет    арқылы   төрткүл    дүниені  аралап,  не   керегін  алып,  жан-жақты    ақпараттанып  жатқанда   сенің  «Кітап  оқы»   дегеніңе   уақытын  зая  кетірмесі   белгілі .Бұл     ертеңгі    өсер   ұрпақтың   тамырына  балта  сілтеп,   өсіру  емес,  өшіруге,  түбінен  қырқуға  әкелері  хақ.  Балалардың  көркем   әдебиетке  қызығушылығының   азайып  бара  жатқанының  себебін   қайдан  іздеуге  болды.  Оны  нарық   заманынан  ба,  кітаптың  қымбаттауынан  ба,  әлде   ақын-жазушыларымыздың  бала  ұғымына  сай  кітап  жаза  алмай  жатыр  ма,   немесе  бала  түгілі  өзі  де  кітап  оқымайтын  ата-анадан    көреміз  бе, әйтеуір  не  керек   кітап  оқуға  құмарлық  жойылып   барады. Бұлай  жалғаса берсе    бар  білгенімізден  айырылып  қалмасымызға  кім  кепіл. Шындық  сол – кітап  оқымайтын  бала  көп.

Кітап  оқу  рухани  байлықтан  нәр  алып,  дүниенің  кілтін  ашумен  парапар.Сондықтан  кітап  оқып көзімізді  ашып,  санамызды  толықтыра түсейік  дегім  келеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×