Найман елінің бір атасы — қызай ел-жұртына өкпелеп, жалайыр ішіне көшіп кепті. Оның себебі аламан асыр той үстінде көкпар тартып жүрген жігіттердің бірі мерт кетіп, оның өліміне қызай адамдары жалалы болып қалыпты. Қасқайып кеп әдейі қастандық жасамағандықтан, олар құн төлеуден бас тартып, садырлардың бітпес дауына ұшырапты. Қызайлар сөйтсе де, теңдік бермей, үдере көшсе керек.
«Жасырынған жерлерің жалайыр ғой, олардың да сағын сындырармыз» деп тістенген садырлар бір үлкен адамның асына жалайырларды әбден кештетіп шақырыпты. Жалайырлар ат жаратып, балуан іріктеп үлгермеген екен, Ескелді сонда да нартәуекелмен аза салып, тартып кетіпті. Атқосшысы тепсе темір үзерліктей, жап-жас Қарабек деген батыр екен, Есекең:
— Осы сенің атың қалай еді? — депті.
— Кім білсін, әйтеуір, ит қоспай-ақ қасқыр, қарсақты соғып алып жүрмін ғой, — дейді Қарабек.
Есекең атты екі айналып өтіп, «Қос бәйгеге!» дейді. Сонымен ат бәйгеге кетеді.
Содан күрес басталып, палуан ізделінеді. Елінің аты аталып жатқан соң, Есекең Қарабекке қарап:
— Қара күшке қалай едің? — дейді.
— Қалай дейін, насыбай уқалағанда қарағаш, қайыңдарды бұрап, шырынын тамызып жүрмін ғой, — деді Қарабек.
— Күрес! — дейді Есекең.
Ақырында бәйгеден Қарабектің жирен қасқасы келіп, қара нар, қалы кілемді иемденеді. Өзі алысқан адамының атан жілігін үзіп, бас бәйгені — тоғызды алады.
— Бұл сендердің аталарыңның әруақтары жебеген соң келген жеңістік, — деп, Есекең екі бәйгенің де шыпшырғасын шы- ғармастан қызай бауырларына әкеп беріпті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі