Өлең, жыр, ақындар

Ешкім де ешқашан да ұмытылмайды

Бөрілі байрағын желбіреткен ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы сайын дала төсін еркін жайлаған ел болатын. Жан-жақтан анталаған дұшпан біздің ұлан байтақ жерімізге көз аларта қарады. Азаттық жолындағы күрес қазақ баласының басын бір тудың астына біріктірді. Түбі бір түркі баласының көксегені – тәуелсіздік еді. Желтоқсан құрбандары ата-баба жолын жалғастырушы, тәуелсіздік жолындағы күрескерлер десек қателеспейміз. Жалған айып тағылған, «Бүлікші» деген жаламен қоғамның қаншама белсенді жастары қуғынға ұшырап, тағдыр тауқыметін тартты.

1986 жылғы желтоқсан оқиғасына белсене қатысқан жастар арасында Қайрат Рысқұлбеков те болды. Қайраттың туыстарына жазған «Бақ түссе – маңдайымнан, тас түссе талайымнан», көріп алдым, маған өлім қорқынышты емес, өйткені адалдығым одан биік тұр» деген хат жолдары сот алдындағы зұлымдыққа қарсы тұра білген өр мінезді қазақ жасының батырлық бейнесін айқын көрсетеді. Қайрат «...Жаным – арымның садағасы» деп батыл қадам жасаған жастардың бірі еді.

Желтоқсан құрбанына айналған Қайрат ер мінезді күрескерлігімен қатар ақын да болатын. Қайраттың шындық  деп шырқыраған үні түрмедегі өлі тыныштықты бұзғандай еді. Қайрат Рысқұлбековтың «Еменнің иір бұтағы» атты өлеңдер жинағындағы «Ақтық сөз» өлеңінде:

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты құрбандық»,

Атам десең, атыңдар! – деген өлең жолдары Қайраттың жанайқайы болатын. Жыраулық поэзияның үлгісінде жазылған бұл өлең жас ақынның талантының бір қыры десек те болады. Біз тек желтоқсанның ызғары шалған бір ғана тағдыр жайлы сөз еткенмен, осыған ұқсас қаншама адамның тағдырлары бар.

Қорыта келе, желтоқсан айындағы қазақ жастарының басын біріктіріп, алаңға шығуларына түрткі болған билік басындағылардың қазақ елінің тағдырына деген немқұрайлылығы болатын. Өз елінің азаттық жолындағы күресінің тарихын жақсы біліп өскен қазақ жастары қазақ елінің азаттық жолындағы күресінің соңғы нүктесін қойды.

7-сынып оқушысы Амангелді Мейрам


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз