Өлең, жыр, ақындар

X-Y-Z ұрпақтар теориясы: Z буын өкілдерін оқыту мәселесі

Әлеуметтанушылар әрбір 20 жыл сайын алдыңғысынан ерекшеленетін жаңа буын дүниеге келеді деген ойды айтады. Қазіргі таңда X, Y және Z ұрпақтары туралы жиі айтылып жүр.   Жас теориясының үш негізгі компоненті (X, Y және Z ұрпақтары) және бір қосымша компонент (Baby boomers) бар.  1991 жылы  АҚШ  зерттеушілері  Нил Гоув (Neil Howe)  пен Уильям Штраус (William Strauss)  алғаш рет жас айырмашылықтарының ерекшеліктері туралы айтты. Олар адамдардың  жас айырмашылықтарына қарап, әртүрлі уақыттағы ұрпақтардың құндылықтарына негізделген теорияны шығарды.  Олардың пікірінше, әр кезең шамамен 20 жылға созылады. Ал  Қазақстанда бұл туралы нақты статистикалық дерек жоқ болса да, X-Y-Z   ұрпақтар теориясы туралы өмірдің өзі көрсетіп жатқандай.

 Ұрпақтар теориясы мемлекеттің экономикалық  дамуымен тығыз байланысты. Сіздің қай буынға жататыныңыз тек қана туған жылыңыз ғана қатысты емес, сондай-ақ жанама белгілердің яғни сіздің дағдыңыздың, өмір салтыңыздың, кәсіби мәнеріңіздің, құндылықтарыңыз бен мақсаттарыңыздың ықпалына да байланысты болуы мүмкін.

Х ұрпақтары «икс» - 1963 жылдан 1983 жылға дейін туған адамдар. Олардың ерекшеліктері – өзіне ғана сенім арта алады, балама ойлайды, әлемде болып жатқан нәрселер туралы хабардар болады, таңдау жасауға  және өзін өзгертуге дайын адамдар. Олардың  жұмыстары қиын және  жетістікке өзі жетуді мақсат етеді. Олар үзақ жылдар бойы бір салада қызмет  атқарып, бірте-бірте мансап жолында биік дәрежеге жетеді.

Y ұрпағы «игрек» - 1983 жылдан 2000 жылға дейінгі аралықта  туған адамдар. Олардың мақсатқа жету  мен жетістік туралы түсінігі өзгеше: көп жағдайда кәсіби өсуін төменгі деңгейден бастауды ұнатпайды. Олар дереу өсуді мақсат етеді және бұл олардың бір кемшілігі. Бұл санаттағы адамдар бірден бірнеше сала бойынша жұмыс атқарып, барынша көп ақпарат білуге және кәсібилікке ұмтылады. Олар үшін тек бір салада қызмет істеу мүмкін емес. Y ұрпағы - қазіргі заманғы бизнестің үміті. Олар техникалық жағынан ең сауатты және жұмыс уақытынан тыс уақытта да жұмыс істеуге деген ұмтылысымен,  білімге деген ынтасымен де ерекшеленді. Кейбір сарапшылардың айтуынша, келесі онжылдықта Y ұрпағы негізгі жұмыс күшіне айналады.

Z  ұрпағы «зет» – 2000 жылдан кейін туған,  технологияның тілін меңгерген бүгінгінің жастары. Бұл адамдардың есейгенде қандай тұлға болатынын кәсібилік тұрғысынан бағалауға әлі ерте яғни болашақта қандай болатыны әлі белгісіз - ұрпақ жаңа қалыптасуда. Бірақ қазір олар ерекше деп саналады. Индиго балалар. Ерекше дарынды, ерекше философия мен дүниетанымға ие, қолында гаджеттермен туылған балалар. Алайда оларды нағыз "цифрлы балалар" деп атауға болады. Олар біздің елдің экономикалық қалпына келуін қамтамасыз етуі керек.   Ұраны: «Мені тыңда, түсін, менімен сөйле, мені бағала».

Z ұрпағының өкілдері кітап оқымайды, аулада  аз серуендейді, олар алаңға шығып, футбол ойнағаннан компьютерде футбол ойнағанды ​​жөн көреді. Олар үшін компьютер - бұл табиғи мекен. Олар үшін  үлкен көлемде кітап оқымау қалыпты жағдай, бұл олардың ақпарат көзі емес,  олар  барлық ақпараттарды  смартфоннан алады, Google бәрін біледі. Отбасын құруға, есеюге асықпайтын Z буыны ертерек жұмыс істеп, өз мансабын қалыптастыруға тырысып бағады. Оларды өзге ақпаратқа сендіре алмаймыз, сен сабақты нашар оқисың, кейін «барып кел, шауып кел» деген жұмысшы боласасың дегенге сендіре алмайсыз. Бірнеше жылдан соң, бұл буын өкілдері көшбасшылыққа келіп, аға буынды жаймен ығыстыра бастайды. Олардың талабы бір – жауапкершілік, әділеттілік пен еркіндік. Z  буыны — ер азаматтардың 63%-ы әйел адамдардың 61%-ы көшбасшы болуды қалайды. Z ұрпағы нақты және виртуалды әлемнің  айырмашылығын көрмейді. Дәл қазір еліміз осы буын ұрпақтарына білім беру де. Сондықтан енді осы буын өкілдеріне қалай тәрбие, білім беретініміз туралы айтайық.

  Психологтардың айтуынша,  ХХІ ғасырдың балалары шынымен де алдыңғы буын құрдастарынан ерекшеленеді. Бүгінгі таңда олардың екі негізгі белгілері бар. Біріншіден, олар өте ақылды, тез түсінеді, ересек ұрпаққа жат көптеген нәрселерді қабылдайды және түсінеді. Екіншіден, олар өте сезімтал және осал. Осыған орай дәстүрлі білім беру әдәс-тәсілдері бүгінгі балаларға сай келмеуі мүмкін. Осыған дейін сабақ  жоспары бойынша ұйымдастыру кезеңіне 3-5 минут уақыт берілген. Ал Z ұрпағы оқушыларының сабаққа деген ынтасын 8 секунд ішінде аударуымыз керек. Олай болмаған жағдайда сабақтың сапасы нашарлайды. 

♦ Z буыны - цифрлы балалар.  Мұғалім, оқытушы әлеуметтік желідегі парақшасында оқушыларға  қызықты бір нәрсені көруге кеңес бере алады. Оқушының білімін жетілдіре алатын ақпараттың сылкасын жіберіп тұруы қажет.  Себебі бұл визуальды буын, сондықтан YouTube олар үшін сенімді және қауіпсіз деп санайтын негізгі ақпарат көзі болып табылады.  Немесе ғаламторда  «төңкеріс» жасаңыз. Үй тапсырмасын балаларға қызықты форматта беріңіз, мысалы, оны инстаграмда жариялап,  лүпіл басып, пікір жазуын талап етіңіз.

♦ Z буыны – теориядан гөрі тәжірибиеге баса назар аударатын буын.  Олар үшін оқытушының неліктен нақты білім беретінін және бұл өмірде пайдалы бола алатындығын білу өте маңызды. Егер биология сабағында сіз балықтың құрылымымен таныстыратын болсаңыз, қосымша дүкенде жаңа балықты қалай таңдау керектігін немесе балықтар туралы қызықты ақпаратты айтыңыз, бұл оқушы қызығушылықпен  қамтамасыз етеді.

♦ Z буыны - бұл өзіңіз жасайтын буын. Классикалық тәрбиешінің рөлі көп ұзамай өздігінен жоғалады.  Қосымша курстарға, үйірмелерге барып, қосымша білім алғаннан қашықтықтан оқып, білім алуды артық санайтын Z буыны үшін түрлі қызықты, пайдалы ақпарат бере отырып, оқытатын сайттар санын жетілдіру керек. Мысалы, домбыра үйірмесіне барып домбырада ойнауды үйренгеннен гөрі  ютуб желісі арқылы нақты ақпаратты ала отырып,  домбырада ойнауды үйренгенді артық санайды. Сол кекілді пәнге деген қызығушылықты арттыратын әдіс-тәсіл ойлап табуымыз қажет-ақ.

♦ Z буыны басқа адамдардың тәжірибесіне сенбейді. Оларға қалай және не істеу керектігін айтыңыз. Сосын олар көбіне жеке тапсырмаларды жасағанды ұнатады.

Z  ұрпағының балаларын  тәрбиелеуде басты назарда ұсталатын ақпарат:  

1. Гаджеттер - қазіргі заманғы адамның өмірінің ажырамас бөлігі. Сондықтан Z  ұрпағының балаларын ғаламтордан ақпарат алуына шектеу қойып, техникадан оқшаулауға тырысудың қажеті жоқ, керісінше  мұндай құрылғыларды қалай қолдануға болатындығын, одан дұрыс ақпаратты қалай алу керектігін, алынған ақпаратты дұрыс түсініп, жүйелеуге үйретіңіз.

2. Өмірдің қызықты болатындығын мысалмен көрсету үшін балалармен көбірек уақыт өткізіп, назар аударыңыз. Бұл маскүнемдіктің, нашақорлықтың және басқа да тәуелділіктің алдын-алудың тамаша тәсілі.

3. Балалармен қарым-қатынаста сыйластық танытыңыз, оларға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беріңіз.

4. Баланы жанашырлыққа және басқалардың сезімін түсінуге үйретіңіз.

5. Баланың қажеттілігін бірінші сөзінде-ақ орындауға тырыспаңыз: бұл оның қажеттіліктерін дұрыс қалыптасуына мүмкіндік бермейді.

6. Өзгеге тәуелсіз болуды үйретіңіз, ең кішкентай жетістігі болса да күш-жігер мен сәттілік үшін мақтаңыз.

7. Оның  ойынына кедергі жасамаңыз, егер мүмкін болса, онымен бірге ойнаңыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер