Қазіргі уақытта ғылыми зерттеулермен және әзірлемелермен 22,4 мың ғалым айналысады. Бұл туралы «Қазақстан ғылымын дамытудың өзекті мәселелері» секциясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
«Қазақстан жарияланымдық белсенділіктің өсуі бойынша көш бастап тұр. Scopus деректер базасында қазақстандық ғалымдардың жарияланымдары 2011 жылмен салыстырғанда 34,5 есе, Web of Science деректер базасында 59 есе өсті», - дейді Асхат Аймағамбетов.
Ол соңғы бес жыл ішінде қазақстандық ғалымдардың әрбір бесінші жарияланымы әлемнің ғылыми журналдарына енгенін айтты.
«2019 жылы 7 қазақстандық ғалым өзінің пәндік саласындағы әлемдегі ең дәйексөз жұмыстарының 1%-ына енді», - дейді ол.
Білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы ғалымдардың шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін қолайлы ортаны нығайтуға, мықты ғылыми мектептерді сақтауға және қазақстандық ғалымдардың жаңа тобын қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін қамтиды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі