Ақылсыз, қызғаншақ бір жігіт қонақ жігіттен әйелінен күдіктеніп екеуінің бетіне алма-кезек қарап отырыпты. Бір кезде жігіт қатты есінепті. «Қоланның қасынуына, масаның басуы» дегендей келіншек те қоса есінепті. Сонда күйеуі орнынан атып тұрып:
— Сен мынамен көңілдес болмасаң, неге бірге есінейсің? — деп келсапты жіберіп қап, келіншегінің жылыншігін шағыпты. Оташы шақырылып, ауылдың үлкен-кішісі жиналып келіп отырғанда, бір кемпір есінепті. Оған ілесе әлгі ақылсыз жігіт те есінепті. Сонда ол өкіріп жылап:
— Есінеуде, есінеу бір екен-ау, есіл де менің келіншегім кем болып қалды-ау, — деп дауыс айтқан екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі