Әз Жәнібек ханның бір бес уәзірі хан қолында бірнеше жыл жүріп ақылға да, білімге де өзін-өзі артық асқандығын сезіпті. Әрдайым ойлайтыны ой: «Ай! Осы ханның хандығы болмаса, менен ақылы кем-ау! Әз Жәнібектің хан болып отырғаны, түзу билік айтып халық алдында әділ би болып отырғаны да менің арқам-ау. Ертең мен өлсем, яки мен басқа бір алыс сапарға жол шексем, осы қайтер еді? — деп ойлайды
да жүреді.
Бір күні хан сейіл құрмақ болып қасына әлгі уәзірді алып жолға аттанды. Келе жатса, бір үлкен биік таудың ішінен жайылып тұрған он шақты ешкі-лақты көреді.
«Бұл таудың ішінде иесіз жүрген неғылған мал?» деп сейілшілер аралап келе жатса, алдынан бір қоңыр киіз үй кез келеді.
— Үйде кім бар, сөйлес, — дейді хан.
— Үйде кісі де жоқ. Адам жоқ, — дейді үйден біреу. Хан аттан түседі, үйге кіреді, уәзір де кіреді. Үйде төр алдында бір шал отыр. Сәлем береді, амандасады.
Хан:
— Е, шалым, асқар тауың қалай?
Шал:
— Асқар тауымды қар шалды. Хан:
— Шұқырың қалай?
Шал:
— Шұқырға су толды.
Хан:
— Екеуің қалай?
Шал:
— Екеуім үшеу болды.
Хан:
— Жақыныңмен қалайсың?
Шал:
— Жақыныммен күнде найзаласам.
Хан:
— Еліңмен қалайсың?
Шал:
— Еліммен мүлде аразбын.
Хан:
— Ал, шалым-ай, арзанға бітесің-ау!
Шал:
— Айдаушысы келсе, атамның құнын алмай бітпес едім.
Сөз осымен бітті. «Қуыс үйден құр шықпас деген» деп, шал от басында тұрған қара шаугемнен әкеп су ауыз тигізді. Бұдан әрі хан отырған шалмен қоштасып, қайтып кетті.
Хан үйге келіп білгіш уәзірге бұйрық қылды:
— Әлгі шал не айтты, мен шалға не айттым. Үш күнге дейін тап, таппасаң, басыңды аламын! Уәзір әрі ойлады, бері ойлады, таба алмады. Үшінші күні болса да, «өлдім» деп тоғыз түйеге тоғыз-тоғыздан қазына артып баяғы шалға келеді. Шал азырқанып, әкелген сыйын алмайды. Ақырында шал уәзірден үш тоғыз алып, ханмен сөйлескен жұмбағын шешті.
— «Асқар тауың қалай?» дегені — «басың қалай, шашыңа ақ кірді ме?» дегені. «Асқар тауымды қар шалды» дегенім — «шашыма ақ кірді» дегенім. «Шұқырың қалай?» деді, «көзің қалай?» дегені. «Шұқырыма су толды» дедім, «көзіме жас толды» дегенім. «Екеуің қалай?» дегені — «таяқсыз жүре аласың ба?» дегені. «Екеуім үшеу болды» дедім, «таяқсыз жүре алмаймын, сондықтан аяғым үшеу болды» дегенім. «Жақыныңмен қалайсың?» деді, «тамағың қалай?» дегені. «Жақыныммен күнде найзаласам» дедім. «Тамақтан жақын нәрсе жоқ. Азу тістің әр жерде бірі қалған, тамақ же- ген сайын қызыл иегімді найзалап жанымды шығарады» дегенім. «Алысыңмен қалайсың?» деді, «көзіңе жас толса, алыстағыны көзің көре ме?» дегені. «Алыспен мүлде аразбын» дедім, «алыстағыны мүлде көре алмаймын» дегенім. «Ай, шалым-ай, арзанға бітесің-ау» дегені — «әгар осы сөйлескен сөзімізді мына жанымдағы уәзір сұрап келсе, босқа айтып қоясың-ау!» дегені. «Айдаушысы келсе, атамның құнын алмай бітпес едім» дедім. «Әгар сіз уәзірді жақсылап қорқытып қыссаңыз, атамның құнын алып, сонан кейін айтармын» деген сөзім. Міне, шырағым, мен атамның құнын алдым. Осымен ырза бол, — деп шал сөзін бітірді. Шал жүйрік пе, хан жүйрік пе?
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі