Өлең, жыр, ақындар

Тұңғыш Президент күні

Тұңғыш президент күні 2011 жылдың 10 желтоқсанында парламент сенатының толық отырысында қол қойылып, бүкіл елден қолдау таба білген мереке.

Бұл мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін мейрамның маңызы да ерекше. Тарихы да тереңде жатыр. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет қазақ даласында Президент сайлауы болып өтті

Міне, осынау тарихи күні қазақтың маңдайына Нұрсұлтандай ұлт перзентін жазды. Бүкілхалықтық сайлауда дауыс берушілердің 98,7 % даусына ие болып бір ауыздан ел Президенті атанды.Қазақстанның тағдырын өз қолына алған ұлт көшбасшысы дәл сол жылы 16 желтоқсанда бабаларымыздың арманына айналған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін бүкіл елге жариялау бақытына ие болды. Ол елге тәуелсіздік сыйлаған тұлға ретінде де үлкен құрметке ие. Ол Президенттік қызметін бастаған сәттен ақ сол кезеңдегі " Егеменді Қазақстан " газетінің бас редакторы Шерхан Мұртазаға берген сұхбатында: " Қазыргі әлемде ешбір қарым - қатынассыз, алыс - беріссіз, жеке - дара оқшау қалуға мүлде болмайды. Тәуелсіздік баянды болады сонда ғана: егер біз халықтар арасында дұрыс саясат ұстасақ, егер біз бірлігімізді сақтай білсек, егер біз сөзден гөрі іске көшіп, жұмыла жұмыс істеп, барлық салада өнімді көбейтсек,сол ерен еңбек арқылы басқаларға тіленшек болып, алақан жаймасақ..." Елбасының осындай сөздерінен кейін тәуелсіздіктің алғашқы кезіндегі атқарған еңбегінің ерен екенін білеміз.

Бүгінде бүкіл елдің қолдауымен сеніміне ие болып, Елбасы өз орнын елімізді болашаққа айқын бастап келе жатқан жастарға табыстады. Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне тойланатын - Тұңғыш Президент күні біз үшін де өте қадірлі мереке. Ендеше мерекелеріңіз құтты болсын Қазақ елі!

Асан Нұрдәулет


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз