Өлең, жыр, ақындар

Бүлдіршіндер келмейтін балабақша тәрбиешілерін ақылы еңбек демалысына жіберу қажет — министр

ҚР Білім және ғылым министрлігі қызметкерлерінің 70 пайызы қашықтықтан жұмыс істейтін форматқа көшті. Бұл жайында ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ҚР БҒМ қызметкерлерінің 70 пайызы қашықтықтан жұмыс істейтін форматқа көшті, арасында еңбек демалысына шыққандар да бар. Бұл шешім, ең алдымен, созылмалы ауруы бар, жасы зейнеткерлікке таяған және үйінде кішкентай балалары бар әріптестерге қатысты. ҚР БҒМ 14 наурызда қабылдаған №108 бұйрығына сәйкес мектеп каникулы кезінде мұғалімдердің 100 пайызы және қашықтықтан оқыту барысында колледждер мен ЖОО-ның оқытушылары қашықтықтан жұмыс істеуі тиіс», —деді министр.

Сондай-ақ, оның атап өтуінше, кеше қосымша білім беру, ПМПК, КППК қызметкерлеріне қатысты қосымша шешім қабылданды. Қазіргі кезеңде оларды ақы төленетін еңбек демалысына жіберу ұсынылды.

«Ата-аналар бүлдіршіндерін апармауды ұйғарған топтарда жұмыс істейтін балабақша қызметкерлеріне де ақылы еңбек демалысын беру қажет. Сонымен қатар, білім және ғылым саласындағы басшыларды ұйымның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етумен айналысатын мамандардан өзге барлық қызметкерлерін ақылы еңбек демалысына жіберуге немесе қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстыруға тапсырма бердім. Біз үшін азаматтарымыздың денсаулығын сақтауды ойлау және инфекцияның таралу тізбегін тоқтатуға күш салу маңызды. Бұл ретте өзін-өзі оқшаулауды қамтамасыз ету, қоғамдық орындарға бармау өте маңызды», — деді Асхат Аймағамбетов.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Мажитова Айнур

Бұл өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Еліміздің денсаулығы үшін ертеңгі болашақ үшін Бәрінен аман -есен өтейік

Мажитова Айнур

Халықтың жағдайын ойластырып істеп жатқан азаматтарға мың алғыс. Аман- есен болайық. Бір болып

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар