Өлең, жыр, ақындар

Кофе орнына: күніңіздің жақсы басталуына себепші пайдалы сусындар

Ия, кофе өте сергітеді және дәмді. Бірақ кейбір жандар кофеинге тәуелділіктен немесе медициналық қарсы көрсетілімдерден кофеден арылудың балама әдісін іздеуге мәжбүр. Диетологтар таңғы ас орнына кеңес беретін бірнеше сусын:

Көк шәй

Көк шәйдің аллергияны жеңілдетуге, тіс ауруының алдын алуға және көру қабілетін жақсартуға болатындығы әртүрлі зерттеулермен дәлелденді. Сондай-ақ, холестеринді қалыпқа келтіруге көмектеседі. Құрамында кофеге қарағанда кофеин аз, сондықтан ұйқының бұзылуына зардабын тигізбейді.

Айран

Бұл асқазаны «мазасыз» жандарға тамаша сусын. Өйткені, айран — пробиотиктердің көп мөлшері бар сүт өнімі. Йогуртқа қарағанда, оның құрамындағы пайдалы бактериялар (ия, бактерияның да пайдалысы болады) әлдеқайда алуан түрлі болатындықтан, йогурт орнына айранды ішкен абзалырақ.

Лимон суы

Аш қарынға лимон шырыны қосылған бір стақан су — түн ішінде жоғалған организмдегі сұйықтықты толтырады (көп терлемесеңіз де, ылғал үнемі терінің бетінен буланып кетіп отырады). Жарты лимонның шырынын 200 мл суға қосып ішесіз немесе өзіңіздің ішетін нормаңызға байланысты. Осылайша сіздің денеңізге С витамині мен полифенолдар жеткілікті түседі. Полифенолдар — пайдасы мол антиоксиданттар. Егер сіз күнделікті таңертең осындай сусын ішетін болсаңыз, иммунитетіңіз күшейіп, теріңіз жақсаратынына күмәніңіз болмасын.

Смузи

Бұл өте танымал сусын болғанмен, оның қаншалықты пайдалы болатындығы оған қосылатын ингредиенттерге байланысты. Мысалы, жемістерді көп қоспауыңыз керек — олар қандағы қантты арттыруы мүмкін. Шпинат, қызылша, орамжапырақтан немесе басқа өзіңіздің сүйікті көкөністеріңізден қоссаңыз болады. Ақуыз туралы ұмытпаңыз — майсыз сүт немесе арнайы протеин ұнтағынан қосыңыз. Ал смузиді одан да пайдалы ету үшін авокадомен қабылдауға болады. Бұл пайдалы майлардың тамаша көзі, ол сізге ұзақ уақыт бойына қарныңыздың ашпауына көмектеседі.

Оқуға кеңес береміз:

Керемет әсері бар табиғи "энергетиктер"


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз